Жарақаттты электрмен жазудың әдісі табылды
|
Швециядағы Чалмерс технологиялық университетінің және Германиядағы Фрайбург жоғары оқу орнының ғалымдары электр негізінже жрақатты жазудың өзгеше, тың тәсілін ойлап тапты. Аталмыш әдіс жарақаттанған жердің қалпына келу процесін үш есеге тездеткен. Бұл жайында islam.kz порталы зертеу материалы жарияланған Lab on a Chip мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Көптеген адамдарға болар-болмас жарақаттан қауіп жоқ, өздігінен жазылады. Ал кейбір дертке байланысты елеусіз көрінетін жарақаттың өзі қауіпті. Мәселен, сусамырдан, омыртқасындағы ақаудан зардап шегетін, қан айналымы бұзылған науқастардың жарақатының жазуылуы қиын. Тіпті, инфекция түсіп, созылмалы жарақатқа айналады, оның арты жарақат түскен жер іріңдеп, шіру процесі басталады, бүкіл денеге жайылып кетпесі үшін жарақат түскен жерді кесіп тастауға тура келеді. Бұл жолы электр энергиясымен ынталандыру арқылы жарақатты жазудың инновациялық тәсілі электр өрісімен тері жасушаларын белгілі бір тұсқа (жарақатқа) бағыттауға негізделген. Бұл тарапта арнайы тәжірибе жүргізілген екен: тері жасушалары өсірілген микроскопиялық биочипке электр қуатын қолдану арқылы мамандар жасанды терідегі жаралардың жазылуын тездете алған. Осы жаңалықта ашқан ғалымдар грантқа ие болды – бұл тараптағы зерттеуді одан ары жалғастыруы үшін.