Жараны жазатын бірегей жақпамайы әзірленді
|
![Жараны жазатын бірегей жақпамайы әзірленді](https://static.islam.kz/uploads/images/C3Y/NMC/GD4p1STMObEdSgWk-lg.jpeg)
Солтүстік-Батыс университетінің (Америка құрама штаттары) ғалымдар тобы теріні қалпына келтіретін және қорғайтын бірегей жақпамай ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде npj Regenerative Medicine мерзімді басылымына жөн сілтеген Medical Xpress ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл дәрі синтетикалық меланинге негізделген, ол күн сәулесіне жауап ретінде теріде синтезделген табиғи пигментті имитациялайды (бұл құбылыс тотығу деп те аталады). Жараның жазылуын тездету үшін жақпамайды зақымдалған теріге жақсаңыз, жетіп жатыр. Бұл тараптағы әжірибе нәтижесі синтетикалық меланиннің теріні күн сәулесінен қорғай алатынын және химиялық заттар мен күйіп қалудан зақымдалған тіндерді қалпына келтіретінін көрсетті. Бұған зақымдалған теріде пайда болатын бос радикалдардың санын азайту арқылы қол жеткізуге болады. Еркін радикалдар әдетте жасушалардың зақымдалуымен және коллагеннің ыдырауымен байланысты пайда болады, олар сайып келгенде терінің қатерлі ісігіне және қартаюына (тозуына) әкеледі. Синтетикалық меланин табиғи меланинмен салыстырғанда бос радикалдарды көбірек сіңіреді. Сонымен қатар, жаңа дәрі биологиялық тұрғыдан үйлесімді, биологиялық тұрғыдан ыдырайтын, улы емес және теріге қолданғанда мөлдір қалпын сақтайды. Қолданғаннан кейін меланин бетінде қалады және астыңғы қабаттарға сіңбейді. Бұл дәрі ең алдымен радиациялық әсерден күйік алғандар мен сәуле терапиясын қабылдайтын онкологиялық науқастарға тиімді.
![Түркиядағы жалғызбасты адамдар қарасы 5 млн-нан асты](https://static.islam.kz/uploads/images/uS1/vFk/7BZSuRf5SIJusn8D-sq.jpeg)
![Әкесі қайтыс болғаннан кейін ЭКО әдісімен дүниеге келген балаларға асыраушысынан айырылғандарға берілетін жәрдемақы тағайындалады](https://static.islam.kz/uploads/images/dZN/wjb/4uPTVnXIc4CYeYAb-sq.jpg)
![Жапония цифрлы активке салық реформасын жүргізеді](https://static.islam.kz/uploads/images/FTC/Pc3/Mu6kr3CEP4iUSCxJ-sq.jpeg)
![Бір саусақ санына жететін жылда криптовалютаны пайдаланушылар қарасы 1 млрд адамға жетеді](https://static.islam.kz/uploads/images/8H6/y7f/DemTXybZSinW2gn2-sq.png)
![Орта Азия елінде түрмеде кітап оқығандардың жаза мерзімін қысқартатын заң қабылданды](https://static.islam.kz/uploads/images/IQr/YoY/ssSoQMoTiADyCjfz-sq.jpg)