Жақын болашақта ең көп пайдаланылатын, электрді ең көп тұтынатын құрылғы енді электрсіз жұмыс істейтін болады. Қалай?
Жақын болашақта ең көп пайдаланылатын, электрді ең көп тұтынатын құрылғы енді электрсіз жұмыс істейтін болады. Қалай?
6 жыл бұрын 2969 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жаһандық жылынуға байланысты алдағы бірер жыл ішінде жаппай пайдаланылатын желдеткішті әдетте «электр жұты» атайды. Электрді көп тұтынатындығы үшін. Осыған байланысты Sound Energy компаниясы экологияға барынша зиянсыз желдеткіштің жаңа түрін ойлап тапты. Халықаралық энергетикалық агенттік келтірген дерекке қарағанда, енді бір отыз жылдан соң желдеткіш әлемдік электр энергиясының үштен бірінен аса мөлшерін тұтынатын болады. Оны жаппай қолдану өз кезегінде онсыз да оңып тұрмаған экологияға орасан зор зиян келтірмек. Яғни, парникті әсерді арттырып, жаһандық жылынуды тездетеді. Талмыш компанияның жаңа желдеткіші мұндай кемшіліктерден ада әрі зиянсыз инертті газбен толтырылған. Sound Energy желдеткіш температурасының әр түрлі болуы тұйық келген сақиналы контурда акустикалық толқын тудырады. Белгілі бір мезетте температураның төмендеуінен қысым төмендейді де жылуға айналады немесе бұл процесс керісінше жүреді.

0 пікір
Мұрағат