|
Жапырақ қасиетін қайталайтын биополастик әзірленді
|
LEAFF өнімі болашақтың материалы ретінде сипаттауға болады: экологиялық жағынан таза материал құрамында беріктігімен, әмбебаптығымен және қоршаған ортаға қауіпсіздігімен ерекшеленетін целлюлозды талшықтар бар. Бұл жайында islam.kz порталы ScienceDaily мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қоршаған ортаның пластикпен ластану деңгейі қауіпті межеге жетті. Осыны ескерген ғалымдар әдеттегі классикалық пластиктіғ алмастыра алатын, биологиялық тұрғыдан ыдырайтын баламасын жасауға ден қойып жүр. Дегенмен, мұндай пластиктің мұндай балама нұсқаларына көптеген кемшіліктер тән болып келеді: пластик секілді берік немесе мықты емес, толық ыдырағанша жоғары температураны қажет етіп жатады. Уашингтон университетінің ғалымдары бұл кемшіліктерді жоюдың жолын тапты. Бізге үйреншікті пластикалық бұйымдардың пайда болуынан әлдеқайда бұрын адамдар тез бұзылатын азық-түлікті өсімдіктерден тоқылған немесе өсімдіктен әзірленген бұйымдарда сақтай отырып, оның құрамындағы целлюлоза деңгейінің жоғары болуының арқасында жапырақтардың тез ыдырау қабілетін пайдаланған. Осы ерекшелікті ескеріп, басшылыққа ала отырып, ғалымдар өте жұқа целлюлоза талшықтарын қамтитын жаңа биопластикті әзірледі. Жаңа композицияның құрылымы күрделі: орта тұсы целлюлоза қатпарынан тұрса, шет жағы биопластик қабатынан жасалған. Бұл технология замануи биопластиктер (полигидроксибутират пен полисүтті қышқыл) негізінде әзірленді. Бүгінде пластикалық қаптама материалдарының нарығындағы айналым 23,5 млрд долларға жетті. Бұл нарықтағы едәуір үлесті мұнай полимерлері - полиэтилен және полипропилен алады. Олар өздерiнiң ұзақ ыдырау мерзiмдерiмен және уытты микропластикалық бөлшектердiң пайда болуымен белгiлi. Ғалымдардың LEAFF (Leaf-inspired Eco-friendly Advanced Functional Film, сөзбе-сөз - «жапыраққа ұқсас экологиялық таза озық функционалдық пленка») деп аталатын жаңа материалы әдеттегі бөлме температурасында ыдырауға қабілетті қаптама материалына айналдыруға мүмкіндік берді. Басқалармен қатар, бұл құрылым ауаны және ылғалды мейлінше аз өткізеді, яғни, осындай өнімдердің қасиетін сақтау үшін маңызды сипаттамаларға ие.