Жапонияның Mitsui, Itochu және Jera компаниялары Оманнан сұйытылған табиғи газ импорттайды
|
Күншығыс елінің Mitsui & Co., Itochu Corp. және Jera Co. энергетикалық компаниясы 2025 жылдан бастап шамамен 10 жыл бойы Оманнан жыл сайын 2,35 миллион тонна сұйытылған табиғи газ сатып алу туралы негізгі келісімге қол жеткізді. Бұл жайында islam.kz порталы nippon.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жапония билігі аталған араб елімен мұндай мәмілеге келуіне әлемдегі геосаяси ахуалдың күрделі сипат алуы мен энергетикалық дағдарыс себеп болып отыр. Оманнан сұйытылған газ импорты «тұрақты жеткізу тұрғысынан өте тиімді», деп мәлімдеді Жапонияның өнеркәсіп министрі Нишимура Ясутоши Таяу Шығыстағы елдің Энергетика министрімен кездесуден кейін Омандағы онлайн баспасөз мәслихатында. Осылай деген ол Оманның сұйытылған табиғи газы Ормұз бұғазында болғандықтан геосаяси қауіп-қатердің әсерін азайта алатынын жеткізді. Бұған қоса, тағы бірнеше жапондық компаниялар Оман билігімен сұйытлған табиғи газ бойынша келіссөздер жүргізуде. Бұл тарапта келісімге келсе, жапондық компаниялардың Оманнан жылына сұйытылған табиғи газдың 3 миллион тоннадан астамын сатып алмақ. Бұдан бөлек, самурайлар елі жаһандық жылыну қарқынын тежеу үшін көміртектен ада мемлекетке айналуды алдына мақсат етіп қойғандықтан энергетика саласын барынша әртараптандыру бағытында жұмыс істеп жатыр, Оманнан тасымалданатын сұйытылған табғи газ аталған стратегияның бір парағы ғана – ядролық энергетика да таза энергия көзі ретінде саналатындықтан бұл саланы да кеңейтуді көздеп отыр. Дәлірегі, премьер-министр Кишида Фумио жетекшілік ететін үкіметтің Жасыл трансформация (GX) кеңесінің отырысында бекітілген базалық саясат пен 10 жылдық жол картасы жапон билігінің атом электр стансаларына қатысты апаттан кейінгі сақтық ұстанымындағы үлкен өзгерісті білдіреді.