Жапониялық зонд астероидтың беткі қабатынан топырақ үлгілерін алды (фото+видео)
Жапониялық зонд астероидтың беткі қабатынан топырақ үлгілерін алды (фото+видео)
6 жыл бұрын 3008

Жапониялық "Хаябуса-2" ғарыш зонды Рюгу астероидының беткі қабатына жеткендігі жайлы белгі жіберді. Оған қоса жер бетіне жіберу үшін топырақ үлгілерін жинаған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі JAXA аэроғарыш агенттігіне сілтеме жасап.

Зонд астероидтың беткі қабатын ұсақтау үшін темір оқпен атқылаған, себебі оның беті тұтас топырақпен жамылған. Одан кейін ол Рюгудан ұшып, өз орбитасына оралған. Ол келесі қонуға дайындалып жатқаны хабарланып отыр. Бұл сапарда ол астероидтан үш рет топырақ жинауы керек. 

"Хаябуса-2" арқылы астероидтың бетінде ораналасқан топырақта заряд жару миссиясы көзделген. Себебі, ол астероидтың ішкі қабатында жатқан үлгілерін алуы керек. Ол үлгілерге ғарыштың әсері тимеген екен.

"Хаябуса-2" ғарыш зонды сөзінің мағынасы "сұңқар" дегенді білдіреді. Ол 2018 жылдың маусым айында астероидқа жақындаған. Оған жету үшін ол үш жарым жыл уақыт жұмсаған. Рюгуға қыркүйекте екі жылжымалы Rover-1A және Rover-1B роботтары қонған. Олар астероидтың беткі қабатының суреттерін түсіріп, зондтың қонатын орнын анықтаған. Рюгу астероидының диаметрі - 900 метр. Ол жер шарынан 300 миллион шақырым қашықтықта тұр. Ол күнді 474 тәулікте айналып өтеді. Орбитадағы жылдамдығы секундына - 27 шақырым. "Хаябуса-2" жерге 2020 жылы оралуы тиіс.

Ғалымдардың мәліметінше, Рюгадан алынған мәліметтер арқылы күн жүйесінің 4,6 миллиард жыл бұрын пайда болғандығы және сол кездегі жердегі тіршілік жайлы жауап ала алады.

Астероидтың орбитасы Жер шары мен Марс орбиталарының жанынан өтеді, осыған орай ғалымдар оның топырағынан судың іздері мен органикалық заттар табылады дегенге сенімді. 

 

0 пікір
Мұрағат