Жапондар әлемде алғаш рет тіс өсіретін дәрі жасады
|
Күншығыс елінің Toregem Biopharma стартапы әлемде алғаш рет тіс өсіретін дәрі әзірлеп, стамотология саласында тура мағынасында төңкеріс жасады десе болады. Аталған дәрі сынақтан сәтті өткен. Бұл жайында islam.kz порталы Nikkei ақпарат көзіне және ағылшын тілінде жаңалық тарататын japantimes.co.jp сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша тіс емдеуде теңдесі жоқ әрі аса тиімді, мүлдем тың әдіс пайда болып отыр. Тістің өсуін тежейтін ақуыздарды бөгейтін антиденелерге негізделген Toregem Biopharma технологиясы бойынша тышқандарға жүргізілген сынақтан сәтті өткен. Клиникалық сынақтардың алғашқы кезеңі дені-қарны сау 30ересек ер адамға жүргізілуде. Бұл сынақ дәрінің қауіпсіздігі мен тиімділігін түсіну жолындағы маңызды қадам ретінде алға шықпақ. 2025 жылға жоспарланған зерттеудің екінші кезеңі туабітті анодонтиясы (Туабітті кесел – адам ішінара немесе толық тіссіз дүниеге келетен, сирек кездесетін дерт. Статистикалық мәліметке сәйкес анодонтия ауруынан әлем халқының 0,1%-ы зардап шегеді) бар 2 жастан 7 жасқа дейінгі науқастарды емдеуді қамтымақ. Яғни, осы сынақтардан-ақ аталмыш дәрінің қолданылуы аясыың кең болатынын байқай аламыз. Toregem Biopharma 2030 жылға қарай нарыққа шығып қалуы мүмкін. Бұл жаңалық өз кезегінде бүкіл әлемдегі медициналық қауымдастық пен емделушілерге стоматология мен ауыз қуысының денсаулығын биік белеске көтеретін осы инновациялық технологияның пайдасын көруге мүмкіндік береді.
Кеміргішке жүргізілген тәжірибе нәтижесі