Жапон ғалымдары қардан энергия өндіруді жоспарлап отыр
Жапон ғалымдары қардан энергия өндіруді жоспарлап отыр
2 жыл бұрын 3168 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жапонияның ең қар қалың түсетін елд-мекендердің бірі – Хонсю аралының солтүстігіндегі Аомори қаласында желтоқсан айында энергетика саласындағы бірегей тәжірибе басталады, дәлірегі, электр қуатын қардан өндіріп көрмек. Бұл жайында islam.kz порталы nippon.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Токио телекоммуникация университетінің профессоры Кожи Енокидің бұл тараптағы технологиясы, яғни, құрылғысы тиімділік жағынан күн батареяларынан кем түспейді. Аталмыш жүйе сұйықтық айналатын тұйық контурдан тұрады. Түтіктер ішінара қармен толтырылған резервуарға батырылады, сонымен қатар, бір бөлігі ауада қалады. Сыртқы бөлігі күнмен қызады, ал температура айырмашылығы мен конвекция әсерінен жүйедегі салқындатқыш турбинаны айналдыра отырып, қозғалысқа келтіріледі. Ол өз кезегінде электр энергиясын өндіреді. Бұл бағыттағы тәжірибе сәтті өтсе, Аомори қыста көшелерден жиналған қарды электр энергиясын өндіруге пайдалануды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта қар теңізге тасталады.

0 пікір
Мұрағат