Жанның өлмейтіні кванттық зерттеу тұрғысынан расталды
Жанның өлмейтіні кванттық зерттеу тұрғысынан расталды
2 жыл бұрын 2081 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Әлем ғалымдары адам ғұмырын ұзартуға бола ма, заманауи технология қартаю процесін тежей ала ма, тіпті, мәңгі өмір сүруге бола ма деген сауалдарды әлі күнге талқылаумен келеді. Ғалымдар адам жаны табылды деп жаһанға жар салып отыр. Рас, оның қайда және қалай «өмір сүретінін» нақты түсіндіру өте қиын. Олардың пікірінше, жасушалардың құрылымдық құрамдас бөлігі болып табылатын ақуыздан тұратын микротүтікшелер субатомдық деңгейде дененің кванттық күйі туралы ақпаратты қамтиды және өлгеннен кейін босатылады. Бұл жайында islam.kz порталы grodno24.com  ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ағза өлгеннен кейін, дәрігер Хамероффтың айтуынша, кванттық ақпарат Әлемде біркелкі таралады. Егер бұл өмірге қайтарылса, онда барлық деректер өз орнына қайтып оралады. Түтіктерде сақталған кванттық ақпаратты толығымен жою мүмкін емес. Мюнхендегі Макс Планк атындағы физика институтының зерттеушілері біз өмір сүріп жатқан физикалық ғалам тек біздің қазіргі жай-күйіміздің көрінісі іспетті, ал дене өлген бойда адам жаны материалдық әлемнен тыс кванттық шындықта өмір сүруін жалғастыратнын алға тартады. Осылайша адам фәниден бақиға аттанғанда кванттық өрісте болады.

0 пікір
Мұрағат