Жаңбырды да жаңғыртпалы энергия көзіне айналдыруға болады (фото+видео)
Жаңбырды да жаңғыртпалы энергия көзіне айналдыруға болады (фото+видео)
5 жыл бұрын 2665 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Соңғы жылдары жиі айтылып жүрген, әлемнің бірталай елінде пайдаланылып жатқан жаңғыртпалы энергия көздеріне қатысты ақпарат тағы бір жағымды әрі өзгеше жаңалықпен толықты. Гонконг университетінің (CityU) бір топ ғалымдары жауын тамшыларынан энергия алуға мүмкіндік беретін, яғни, тамшыдан энергия өндіретін электр генераторын (DEG) ойлап тапты. Аталмыш қондырғы кәдімгі транзистор тәрізді құрылымға ие. Салмағы 100 микролитрлің бір тамшы 15 метр биіктіктен құласа, 140 В электр қуатын алуға мүмкіндік береді. Бұл 100 шағын светодиод жұмыс істеуіне жеткілікті қуат. Бұл құрылғының негізінде екі электрод пайдаланылады: біреуі алюминия, екіншісі – индия мен олованың оксиді (ITO). Оларға политетрафторэтиленнен (PTFE) жасалған жұқалтыр жалатылған. PTFE – жоғары тығыздықта зарядты жинауға әрі сақтауға мүмкіндік беретін квазитұрақты электрмен зарядталған материал. Тамшымен жанасқанда екі электрод та бір тізбекте тұйықталады, ал оның беткі жағында қаныққанша беткі заряд жинақталады. Аталмыш құрылғыны су шашырағанда пайдаланылатын кез келген зат пен бұйымда пайдалануға болады: үйдің шатырында, қолшатырда, т.б.

0 пікір
Мұрағат