Жаңа, сұйық робот тор көздерінен өтеді (видео)
Жаңа, сұйық робот тор көздерінен өтеді (видео)
22 сағат бұрын 151 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Кореяның Сеул ұлттық университетінің (SNU) инженерлік колледжінде жасалған сұйық роботтың артықшылықтары мен ерекшеліктері жұртшылық назарына ұсынылды. Бұл жайында islam.kz порталы Science Advances мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Биологиялық жасушалар оп-оңай пішінін өзгерте алады, бөлінеді, бірігеді, юбөгде затты қармай алады. Жасанды жолмен осындай өзгеше қасиеттерді қалыптастыру бағытында талай жыл зерттеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Әдетте қатты заттан жасалған роботтардың мүмкіндігі шектеулі келеді, түрлі кедергілерді еңсере алмауы мүмкін (мәселен, тар жерде қысылып қалу, ойлы-қырлы жерлерде аударып немесе төңкеріліп қалуы ықтимал, т.б.), ал тірі организмге тән икемділікке ие роботтардың болашағы зор. SNU бірлескен зерттеу тобы гидрофобты (су өткізбейтін) бөлшектердің ерекше тығыз қабатымен жабылған сұйық роботты сәтті құрастыра алған екен. Жаңалықтың мәні - сұйықтықтың деформацияға ерекше қабілетін және қатты дененің құрылымдық тұрақтылығын үйлестіреді. Нәтижесінде, бірегей жоба биікте төтенше қысымға немесе құлағанда қиындыққа төтеп бере алады және өзінің бастапқы пішінін тамшы сияқты бұзылмай қалпына келтіре алады. "Біз сұйық роботты жасауды енді ғана бастаған кезде, бастапқыда қарапайым "сұйық мәрмәр шарлар" жасағандай, сфералық тамшыны бөлшектермен инкапсуляциялау мүмкіндігін қарастырдық. Алайда, тәсілді өзгерте отырып, біз мұз текшесін бөлшектермен жабу және оны балқыту идеясына тоқтатадық, бұл жаңалығымыз роботтардың тұрақтылық қасиетін айтарлықтай арттырды", - деді осынау зерттеуге атсалысқан ғалымдардың бірі - Хебин Шон. Бірегей робот тек қатты жерде ғана емес, сонымен қатар, суда да жылжи алады. Айрықша роботтың қозғалысы мен қимылы ультрадыбыс көмегімен басқарылады. Мұндай роботтар әдетте биомедицинада, жұмсақ робот техникасында (мәселен, адамның ішкі ағзасына дәріні жеткізу, т.б.) қолданылатын болады. Өте тар жерге өте алатындықтан күрделі механизмдер ішіндегі кедергілерді еңсере алатын болады. Барлауда, тазалауда, химиялық тазартуда, азық-түлік жеткізуде пайдаланылуы мүмкін. 

 

0 пікір
Мұрағат