Жан қинамай-ақ семіздіктің алдын алатын әрі семіртпейтін тәсіл табылды
Жан қинамай-ақ семіздіктің алдын алатын әрі семіртпейтін тәсіл табылды
5 жыл бұрын 5844 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Дүниеүзілік денсаулық сақтау ұйымы тарапынан ғаламдық індет ретінде мойындалған семіздіктен бүгінгі таңда адамзаттың 35-40 пайыздайы зардап шегеді. Аталмыш індет тек дамыған елдерде ғана емес, дамушы елдерде де кеңінен етек алған. Сондай-ақ, әлем бойынша артық салмақтан зардап шегетін балалардың қарасы да жылдан жылға артып келеді. Дүниежүзілік денсаулық ұйымы індет ретінде ресми мойындағаннан кейін ғалымдар семіздікпен күресуді алдына басты міндеті етіп қойды. Өйткені, семіздік емі қиын түрлі созылмалы дерттерге жол ашып отыр. Атап айтқанда, сүт безінің обыры, ұлтабардың қатерлі ісігі, ұйқы безінің обыры секілді онкологиялық аурулармен қатар сусамыр, жүрек-қан тамырлары ауруларын тудырады. Бүгінде семіздікпен күреске онколог дәрігерлер де білек сыбана кіріскен. Таяуда ашылған жаңалық семіздікпен күресті жаңа белеске көтерді. Дәлірегі, бұл арада жасушалы AHR рецепторын бұғаттау арқылы семіздіктің алдын алып қоймай, сонымен қатар, артық салмақтын арылуға әрі адамның қайтып толмауына мүмкіндік береді. Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі International Journal of Obesity мерзімді басылымында жарияланды. АҚШ-тың Нью-Гемпшир штатындағы Дартмут-Хичкок медицина орталығының қатерлі ісікті зерттеу орталығының ғалымдары адам организіміндегі улы заттарды табуға жауапты әрі зат алмасу процесінде маңызды рөл ойнайтын, барлық дерлік жасушада кездесетін AHR рецепторын тапқан болатын. Осы төңіректе тышқанға жүргізілген тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, AHR рецепторын бұғаттау жоғарыда айтылғандай, семіздіктің алдын алып қоймай, сонымен қатар, артық салмақ қоспауға мүмкіндік беріп қоймай, тышқан бауырының стеатозын да (медициналық тұрғыдан алғанда «бауыр стеотазы» - кең ұғым, бұл ұғымға патологияның түр-түрі кіреді, әйтсе де олардың барлығы бір нәтиже береді – бауырға май жинайды. Бұл өз кезегінде, мәселен, сусамыр секілді басқа да аурулардың пайда болуына түрткі болады) емдеген. Қандай да бір теріс (жанама) әсері байқалмаған. «Біз жүргізген тәжірибе көрсетіп бергендей, май құрамы жоғары диетаға AHR рецепторын бұғаттайтын, NF деп аталатын дәріні араластырғанда майы төмен, бақылаудағы диетадағы тышқандарға қарағанда олардан асып семірген емес. Ол кезең аралығында NF дәрісі қосылмаған, майы көп диетадағы тышқандар қатты семірген болатын. Дәрінің ешқандай теріс әсері байқалмады». Аталмыш зерттеу жетекшісі Крейг Томлинсонның (Craig Tomlinson) бұл айтқаны медицина орталығының баспасөз редизінде келтірілген. Тәжірибенің келесі кезеңінде ғалымдар NF дәрінің көмегімен AHR рецепторын бұғаттау арқылы семіздіктің алдын алып қоймай, аталмыш дәрінің артық салмақтан арылуға көмектесетініне көз жеткізген екен. «Біз семіздіктен зардап шегетін әрі май құрамы жоғары диетадағы тышқандардың жартысының тура осындай май құрамы көп диетасына AHR рецепторын бұғатаушыны қостық. Бірнеше аптадан кейін жеміне NF қосылғандардың салмағы май құрамы төмен диетадағы тышқандардың салмағымен бірдей болды. Бұл жолы да жанама әсері байқалмады»,- деді Крейг Томлинсон. AHR рецепторын бұғаттаумен байланысты арықтаудың негізінде жатқан тетікті зерделеген ғалымдар бұғатталған AHR рецепторының бауыр жасушаларында және май жасушаларында майды жинауға әрі синтездеуге жауапты негізгі бірнеше генді индуцирлемейтінін аңғарған. Тоқсан ауыз сөзің тобықтай түйіні: бұл жаңалық өз кезегінде семіздікті терапевтік жолмен емдеуге жол ашуы мүмкін. Бұдан бөлек, ғалымдар қазіргі уақытта тағам өнімдерінің құрамындағы қандай тағам қоспаларының семіздікке ұрындыратын AHR рецепторының белсенділігін оятатынын анықтауға кірісті.

0 пікір
Мұрағат