|
Иттердің алғаш қай жерде қолға үйретілгені белгілі болды
|
Ғалымдар алғаш рет қай жерде жабайы қасқырлардың үйдің асыранды итіне айналғанын анықтады. Ғалымдар әуелі әр түрлі жерлерден 549 иттің, кейін 161 түрлі тұқымнан 4979 ДНҚ үлгілерін алды. Бұған қоса иттердің енесі мен оның аталығының хромосомалары зерттелді.
Зерттеу нәтижесінде алғаш иттер Орталық Азияда, соның ішінде Моңғолия және Непал жерлерінде қолға үйретілгені анықталды. Ал нақты қай уақыттан бастап иттің пайда болғаны белгісіз, бірақ бұл оқиғаның б.з.д. 50 мың жылға дейін болғаны мәлім.
Зерттеу әлі жалғасып жатыр, ғалымдар палеонтологиялық қалдықтармен танысу үстінде, - деп жазады planet-today.ru.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Түркі елінде электронды шылым шеккендерге қылмыстық жауапкершілік қарастыратын тыйым салынды
■
Жаратылыстың кездейсоқ жаратылмағандығы туралы гипотеза математикалық дәлелін тапты
■
Таяу Шығыс аймағынан алтынның ірі кеніші табылды
■
Ғалымдар сегізаяқты жасыруға көмектесетін қабілетті қайталауға мүмкіндік беретін пигментті өндірудің жолын тапты
■
Араб елінде алтын құймаларына арналған банкомат пайда болды