Италия ғалымдары медицинада қолдануға арналған әлемдегі алғашқы жеуге жарамды батарея жасап шығарды
Италия ғалымдары медицинада қолдануға арналған әлемдегі алғашқы жеуге жарамды батарея жасап шығарды
2 жыл бұрын 1257 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Италиялық технология институты өз ас мәзірін ерекше тағаммен толықтырды -  жеуге жарамды батарея әзірледі. Бұл жайында islam.kz порталы Advanced Materials мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Миландық зерттеушілер кәдімгі тағамнан жасалған қайта зарядталатын батареяның прототипін жасап шығарды. Оны пациенттер ішу арқылы қабылдайтын медициналық құрылғылар саласындағы ең озық жаңалыққа жатқызып отыр. Бадам, капер, белсендірілген көмір және теңіз балдырынан жасалған бұл гаджет пайдаланушының денсаулығына қауіп төндірмейді. Өзгеше аккумулятордың кернеуі - 0,65 вольт, ол 12 минут ішінде 48 микроампер токты қамтамасыз етеді және шағын жарықдиодты немесе басқа миниатюралық электронды құрылғыларды қуаттай алады. Қазіргі уақытта батареяны әзірлеушілер бұл құрылғыны жұтуды жеңілдету үшін сыйымдылықты арттыру және планшетті кішірейту бағытында жұмыс істеуде.

0 пікір
Мұрағат