Ішуге болатын кітап 663 миллион адамның тағдырын өзгертті
Ішуге болатын кітап 663 миллион адамның тағдырын өзгертті
9 жыл бұрын 5271 qamshy.kz

«Drinking Book» бұл – ішуге болатын кітап. Оның негізгі сипаттары мынадай:

Бұл кітаптің тек 26 беті бар, сыртынан қарағанда басқа кітаптардан ешқандай ерекшелігі жоқ. Бірақ, мұқаба беті болсын, әлде ішкі парақтары болсын бәрінде Drinking Book деген жазу  жазылған, осы арқылы бұл кітаптің  өзгешелігі көмескі бейнеленіп тұрады. Бұл кітап 2015 жылы дүние жүзіндегі ең керемет 25 жобаның бірі болып бағаланған .

Бұл кітапті шығарған қыздың есімі: Theresa Dankovich, жанама аты Teri екен.

Оның өзі де 8 жылдың алдындағы зерттеуі неше жүз миллион адамның тағдырын өзгертетінін ойлап көрмесе керек .

Жоғары білімді химия докторы бола тұра, ол тек қана назарялық біліміне ғана  сенбей, қайткенде өзінің үйренген білімін керекке жарату жөнінде көп назар салып жүреді .

Ол зертханада 8 жыл тұрғаннан кейін Нано күміс деп аталатын ионды тосын байқайды, бұл Нано күміс бактерияның қас жауы еді .

Бірақ, бактерияның  құрсауынан құтылмаған қай орын бар еді ?

Оның есіне бір неше жыл алдындағы Африкада болған сапары еске түседі , ол жақтың табиғаты тамсандырғанмен, көзімен көрген бір іске қатты қайғырған болатын ...

Ондағы балалар таза су іше алмайтын.

Құдық су болғанмен , одан шыққан судың түсі мынадай еді

Біз үшін түк қадыры болмаған мөп-мөлдір судың олар үшін осыншама қол жетпес нарсе екенін ол ойлап көрмеген еді.

Дүние жүзінде жылына 663 миллион адам су тазарту қүрылғылары жоқтығынан таза су іше алмайды. Соның себебінен түрлі ауыруларға душар болып, өліп жатқан адамдардың санын есептеу тіпті қиын еді, бұл әсіресе даму үстіндегі мемлекеттер де аса ауыр жағдай болатын.

Бұндай жағдайға кез келген соң Teriдің ойына кенеттен «Нано күміс ионын қағазға енгізу арқылы , сүзгі қағаз жасауға бола ма ?» деген сұрау сап ете түседі.

Зертханадан шықпай бірнеше ай сапалы зеріттеу жүргізіп , неше мың қайтара тәжірибе жасаудың арқасында, ол ақыры мақсатына жетті !

Ол ақыры нано күміс ионын қағазға сіңіріп, бактерияға қарсылығы ерекше сары түсті қағаз жасап шығады.

Тәжірибе дәлелі бұл қағаз су құрамындағы 99% бактерияны тазартатыны айқындалады .

Бұл АҚШ-тың ауыз су тазалық мөлшерінен асып түседі. Тәжірибе нәтижесі бойжеткенді шексіз қуанышқа бөлейді .

Ол дереу зерттеу жасаған қағазын көтеріп Оңтүстык Африка, Кения , Индия қатарлы мемлекеттерге барып  25 түрлі ең ауыр ластанған су қайнарын тексеріп көреді .

Ол жергілікті тұрғындармен етене сіңсіп , олармен бірге осы сүзгі қағазды сынады.

Ол жергілікті тұрғындармен әңгімелесу барысында, ең қорқыныштысы судың ластануы емес, қайта олардың суды пайдалану жөніндегі түсінігі таяз екенін біліп қатты таңырқайды.

Бойжеткеннің ойына ақыры қонымды амал түседі, ол азықтық дәрежедегі сияны пайдаланып суды ғылыми тұтыну жолын қағазға жазып шығып, кітап етіп бастырды .

Бұл кітаптің әр парағы орта есеппен 100 литр су тазарта  алады.

1 пікір
Мұрағат