Ішек ішкі ағза болғанымен сыртқы қалқан қызметін атқарады
Ішек ішкі ағза болғанымен сыртқы қалқан қызметін атқарады
3 жыл бұрын 2412 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Франциядағы Пастер институтының, сондай-ақ,  Ұлттық денсаулық және медициналық зерттеулер жоғарғы оқу орнының ғалымдары ішек ағзасының организмді сыртқы патогендерден иммундық жолмен қорғаудағы рөлін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу нәтижесі жарияланған Science мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мамандар бұл тарапта қадағалау үшін Escherichia coli ішек инфекциясының моделін жасады – осы арқылы туа біткен эффекторлық жасушалар инфекцияның ерте кезеңдерінде қалай әрекет ететінін бақылай алды. Бұл бағыттағы зерттеу барысында ғалымдар патогендерге қарсы  иммундық жауап қатуда маңызды рөл ойнайтын ILC3 жасушасының патоген әсерінен кейін бірнеше ай бойы белсенді қалпында қалатынын анықтады. Бұған қоса, инфекцияға қайта шалдыққанда ILоC3 жасушасының ішектің шырышты қабығын қорғаудағы әсер ету тетігін «ұмытпайтыны» белгілі болды. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл жаңалық өз кезегінде иммундық қорғаныс қабілетінің бактерияға қарсы тетігін ашып көрсете алады. Ал бұл жайт алдағы уақытта ішек ауруларын емдеуде тың тәсілдердің пайда болуына жол ашпақ.

0 пікір
Мұрағат