Инженерлер Брайлді үйренуге арналған қолғап жасады
|
ORama AI стартапының инженерлері Брайл қарпін тануға көмектесетін қолғап ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы newatlas.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш құрылғыны Үндістандағы зағиптар институтындағы өз еркімен жәрдем көрсетушілер (волонтер) ойлап тапқан. Өзгеше құрылғы көру қабілеті шектелген мұсылмандардың қасиетті Құранды оқып-үйренуін жеңілдетеді. BrailleWear қолғапында шағын камерасы мен шамы бар кірістірілген электронды модул бар. Жарық басып шығарылған брайл нүктелеріне қиғаш бұрышпен түсіп, олардың әрқайсысының көлеңке түсіруіне ықпал етеді. Бағдарлама алынған кескінді талдайды және синтетикалық дауыс жүйесі арқылы мәтінді пайдаланушыға оқиды. Идеясы - адам таңбаларды жанасу арқылы өз бетінше тануды үйренеді. BrailleWear қолғаптары жыл соңына дейін саудағаға шығады, шамамен 300 доллар тұрады.