Инфекциялық ауруларды анықтаудың тың әдісі пайда болды
Инфекциялық ауруларды анықтаудың тың әдісі пайда болды
2 жыл бұрын 1017 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Стэнфорд университетіне қарасты медицина мектебі мен АҚШ-тың басқа да зерттеу орталықтарының ғалымдары инфекцияларды анықтауға арналған диагностикалық сынақтың жаңа түрін ойлап тапты. Бұл жаңалық несімен бағалы? Ол бүкіл әлем бойынша антибиотиктерді қолдануды азайтады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Cell Reports Medicine мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дамушы елдерде сарапшылар антибиотиктерге арналған рецепттердің көпшілігі жарамсыз деп есептейді: олардың 70-80 пайызы дәрі-дәрмек әсер етпейтін вирустық инфекциялар үшін тағайындалған. Сонымен қатар, мұндай рецепттер зиянды, себебі, антибиотиктерді шамадан тыс қолдану бактериялардың төзімділігін арттырады. Бұл тарапта жүргізілген таяудағы сынақ күллі әлемде дәрігерлерге бактериялық және вирустық инфекцияларды тез және дәл ажыратуға мүмкіндік береді, осылайша антибиотиктерді шамадан тыс қолдануды азайтады. Диагностикалық жүйе 35 елдің гендік экспрессия деректеріне негізделген. Олар әртүрлі инфекциялармен ауыратын әртүрлі жастағы, жыныстағы және нәсілдегі адамдардан алынған 4754 үлгіні қамтыды. Ғалымдар бұл бағыттағы зерттеуде машиналық оқыту әдісін қолданды, бұл жайт өз кезегінде үлгілердің жартысында бактериялық және вирустық инфекцияларда әр түрлі көрінетін сегіз ген бар екенін көрсетті. Сынақ деректер мен Непал және Лаостан жиналған 300-ден астам жаңа үлгілер бойынша тексерілді. Зерттеушілер бұл сегіз геннің жасушаішілік және жасушадан тыс бактериялық және вирустық инфекцияларды жоғары дәлдікпен ажырата алатынын анықтады, 90 пайыз сезімталдық пен бірдей ерекшелікке қол жеткізеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Инновациялық жаңа диагностика қоры белгілеген стандарттарға сәйкес келетін немесе одан асып түсетін алғашқы диагностикалық сынақ ретінде бағаланып отыр.

0 пікір
Мұрағат