Иммундық жасушалардың бөгде микроорганизмдерді қалай іздейтіні анықталды
Иммундық жасушалардың бөгде микроорганизмдерді қалай іздейтіні анықталды
2 жыл бұрын 1734 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар иммундық жасушалардың организмге сырттан енген бөгде нысандарға қарай бағытын анықтай алды. Бұл жаңалық өз кезегінде инфекциялық ауруларға қарсы жаңа дәрілер жасауға көмектеседі. Бұл жайында islam.kz порталы nature.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Массачусет технологиялық институтының биолог инженерлері нақты иммундық жасуша мен оның антигенмен арадағы өзара әрекетті нақты анықауға мүмкіндік беретін құрал ойлап тапқан болатын. Иммундық жасушалардың үлкен популяцияларына әртүрлі антигендерді ұсыну үшін вирустарды қолданатын жаңа әдіс осындай өзара әрекеттерді кең ауқымда скринингтен өткізуге мүмкіндік береді. Бұл үшін ғалымдар лентивирустың мамандандырылған түрін - ғалымдар гендерді жеткізу үшін жиі қолданатын вирус түрін жасады, өйткені, ол ДНҚ фрагменттерін адам жасушаларына кіріктіре алады. Бұл вирустардың VSV-G деп аталатын конверттік ақуызы бар, ол адам жасушаларының көптеген түрлерінің, соның ішінде иммундық жасушалардың бетіндегі рецепторлармен байланысып, оларға жұқтыра алады. Ғалымдар осы зертеу үшін VSV-G ақуызын жасушаны ол өздігінен жұқтыра алатындай етіп емес, ғалымдар таңдаған антигенге сүйеніп жұқтыратындай етіп түрлендірді. Түрлендірілген VSV-G нұсқасы лентиврусқа жасушаға енуіне көмектеседі, яғни, бұл модификацияланған нұсқа жұптастырылған антигенді танитын адамның В немесе Т жасушаларының рецепторларымен байланысқан жағдайда ғана лентивирустың жасушаға енуіне көмектесе алады. Массачусет технологиялық институтының биологиялық инженерия кафедрасының доценті Майкл Бирнбаумның айтуынша, бұл әдіс иммунитетті терңірек түсінуге мүмкіндік береді, дәлірегі, түрлі аурулар кезіндегі иммунитетттің тану тетігін анықтауға көмектеседі. Ал бұл жайт өз кезегінде түрлі тиімді екпе мен дәрін жасауға ықпал етпек. Ғалымдар аталмыш тәсілдің тиімділі мен дәлдігін тексеріп көру үшін тұмау, цитомегаловирус және Эпштейн-Барр вирусын қоса алғанда, 100 түрлі вирустардың антигендерімен вирустар пулын жасады. Ғалымдар бұл вирустарды шамамен 400 000 Т-жасушаларына қарсы сынап көрді және атталмыш әдіс бұрын анықталған антиген-Т жасушаларының рецепторларының жұптарын дұрыс таңдай алатынын көрсетті. Болашақ зерттеулерде Майкл Бирнбаум мыңдаған антигендерді В және Т жасушаларының популяцияларына қарсы сынап көрмек. «Біздің көздегеніміз - бір тәжірибеде күллі иммундық жүйенің көрсеткіштерін алу үшін бүкіл вирустарды немесе вирустардың топтарын скринингтеу», - деп атап өтті ол. 

0 пікір
Мұрағат