Иммундық жасушалар әрекетінің жаңа тетігі анықталды
Иммундық жасушалар әрекетінің жаңа тетігі анықталды
3 жыл бұрын 2373 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Фрэнсис Крик институтының және Лондондағы королдік колледж ғалымдары арнайы иммундық жасушалар арқылы организм жағдайын (халін) анықтаудың жаңа тәсілін тапты. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature Immunology мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Иммундық Т-жасушалары қан құрамында, лимфатикалық түйірлерде болады әрі организмге жат микроорганизмдер (вирус, бактерия) енгенде белсенділігі оянады. Бұл тарапта адамның эпителилік тіндерінде кездесетін, мысалы, ішектің шырышты қабатында кездесетін гамма-дельта Т жасушалары (γδ Т жасушалары) зерттелді. Олар сырттан келетін кез келген өзгеріс үшін организмнің өз жасушаларын талдаудан (яғни, тексеру деп те түсінсеңіздер болады) өткізеді. Ғалымдар бұл тарапта γδ Т-жасушаларының сау тінді зақымдалғанынан қалай ажырата алатынын анықтауды алдына мақсат етіп қойған еді. Ғалымдар бұл бағытта тышқан терісіне жүргізілген тәжірибе барысында анықтағандай, вирустар мен бактериялардан алынған ақуызды танитын Т-жасушаларына қарағанда γδ Т-жасушасының организмнің сау эпителиясында кездесетін Skint1 молекуласын анықтай алатын болып шықты. Осы тәжірибе арқылы ғалымдар бұрын биологияда жете бағаланбай келген γδ Т-жасушаларының организмге қандай да бір қауіп төніп тұрмаса да белсенді жұмыс істейтініне көз жеткізген. Мамандар аталмыш зерттеу нәтижелерінің онкологиялық ауруларды ерте анықтауға әрі түрлі инфекциялық ауруларды емдеуге көмектесетінін алға тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат