Илон Маск миға қондырылатын чиптің пайдасын айтты
Илон Маск миға қондырылатын чиптің пайдасын айтты
4 жыл бұрын 2144

Америкалық кәсіпкер Илон Маск Neuralink компаниясының ми имплантаты туралы мәліметтерді жария етті. Бұл туралы LAD Bible басылымына сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

SpaceX негізін қалаушысының айтуынша, чиптелген адамдар миға тікелей бағытталатын музыканы тыңдай алады. Маск ми чипі гормондардың деңгейін бақылауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Мысалы, пайдаланушы уайым-қайғыны бір мезетте алып тастап, ойлануға ден қоя алады-мыс.

Еске салайық, Neuralink адам миына имплантацияланатын құрылғыларды дамытады. Мамыр айында Маск мидың зақымдануы, есту немесе аяқ-қолдың қозғалысынан айырылған адамдарға сол қабілеттерін қалпына келтіруге мүмкіндік беретін имплант әзірлеу жыл соңына дейін аяқталады деп мәлімдеген. Чип мидың астына орналастырады және электродтар арқылы миға қосылады деп болжанып отыр.

0 пікір
Мұрағат