Иіс сезу қабілетін жоғалту емі жоқ аурудың белгісі болып шықты
Иіс сезу қабілетін жоғалту емі жоқ аурудың белгісі болып шықты
4 жыл бұрын 5449 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Иіс сезу қабілетін жоғалту Паркинсон ауруының ерте байқалатын симптомы болып шықты. Бұл жайында islam.kz порталы Express ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Паркинсон қорының келтірген дерегіне қарағанда, аталған дертке шалдыққан науқастар тремор (қалтырау, яғни, бұлшық еттің кемуі мен реттеуші афферент сигналдарының уақытша кідіруіне байланысты орын алады) мен өзге де аталған дертке тән белгілер білінбей тұрып, бірнеше жыл бұрын, ең алдымен иіс сезу қабілетін жоғалтқанын растап отыр. Десе де бұл симптом Пакринсон дертіне шалдыққан науқастардың барлығында бірдей көрініс таппаған. Алайда, олардың көпшілігі бұл симптомды бастан өткергендігін жеткізген болатын. Яғни, Паркинсон дертіне шалдыққан науқастардың 90 пайызы осы симптомға ұшыраған. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл симптом емі жоқ Паркинсон дертінің он жыл бұрын алдын ала білінетін белгісі болуы мүмкін.

Уикипедия электронды энциклопедиядан:

Паркинсон ауруы – ересек адамдарда болатын созылмалы ауру. Нейромедиатор дофамин болып қолданылатын орталық жүйке жүйесінің немесе орта мидың қара субстанция нейрондарының бүлініп немесе өліп қалуынан пайда болады.

Паркинсон ауруы келесі қозғалыстық бұзуларға әкеледі: діріл(тремор), гипокинезиябұлшықет ригиді, сонымен қатар вегетативті және психикалық бұзулар. Бұзулардың барлығы бас миының алдыңғы жағында орналасқан өңсіз шар (палладиум) тежегіш ықпалынан болады. Палладиум нейрондарының бұзылуы перефериялық қозғалыстық нейрондарының қатты тежеуіне әкеледі. Қазіргі таңда аурудың емі жоқ, бірақ дәрігелер реабилитациялық курсты жүргізеді. Реабилитация көмегімен Паркинсон ауруының синдромдары едәуір азайады, сондықтан осы аурумен ауырған адамдардың өмірі біраз жеңілдетіледі. 

0 пікір
Мұрағат