Химиялық элементтердің әлемде Үлкен жарылыстан кейін пайда болғаны анықталды
Химиялық элементтердің әлемде Үлкен жарылыстан кейін пайда болғаны анықталды
1 жыл бұрын 1107 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Күллі ғалам химиялық элементтердің орасан зор қорынан тұрады. Көктегі аспан денелерінен бастап, адамға дейін химиялық элементтен тұрады. Ғалымдардың пайымдауынша, алғашқы химиялық элементтер Үлкен Жарылыс деген атпен белгілі физикалық айрықша құбылыстан кейін пайда болған. Үлкен жарылыс болмай тұрғанда ғалам шағын әрі ыстық болатын. Бұл жайында islam.kz порталы space.com сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жоғары тығыздық пен температура кварктар мен глюондар сияқты алғашқы бөлшектерді құра отырып, ядролық реакциялардың жүруіне мүмкіндік берді. Ғалам кеңейген сайын бұл бөлшектер салқындап, протондар мен нейтрондарды түзді, содан кейін олар бірінші атом ядроларына қосылды. Бастапқыда гелий мен сутегі басым болды, кейін, яғни, уақыт өте келе өз ядроларында ауыр элементтерді синтездейтін жұлдыздардың жаңа легі пайда болды. Жұлдыз «өмірінің» соңында суперновалар пайда болып, элементтерді бүкіл кеңістікке таратады. Содан кейін бұл элементтер химиялық элементтердің түзілу процесін жалғастыра отырып, жаңа жұлдыздар мен планеталар тудыратын газ бұлттарына қосылады. Бұл процесс 13 миллиард жылдан астам уақыт бойы жалғасып келеді. Химиялық элементтердің пайда болу процесі әлі де жалғасуда. Бұл процесте жұлдыздардың маңызды рөл ойнайтынын айта кету керек. Яғни, жұлдыздар өзінің отын ресурсын сарыққан кезде олар жаңа жарылыс кезеңінен өтеді. Нәтижесінде көміртек, оттегі, темір, т.б. ауыр химиялық элементтер синтезделеді. Жұлдыздың жарылысынан пайда болған жаңа элементтер ғаламға таралады. Тозаңдар мен газдан жұлдызаралық бұлттармен араласып, жаңа жұлдыздар мен аспан денелерін қалыптастыру процесіне атсалысады. Осылайша жаңа жұлдыздар алдыңғы жарылыстан синтезделген ауыр химиялық элементтердің мол қорымен байиды. Бұған қоса, екі нейтрондық жұлдыздың соқтығысуы немесе нейтрондық жұлдыздар мен қара құрдым арасындағы өзара әрекеттесуді де қамтуы мүмкін жұлдыздар арасындағы өзара әрекет өз кезегінде гравитациялық толқын деп аталатын алдыңғысынан да күшті жарылыстарға әкелуі мүмкін. Бұл жарылыстар одан да ауыр химиялық элементтердің, соның ішінде алтын мен платинаның пайда болуына ықпал етпек. Бұл химиялық элементтер жанды, жансыз заттар мен тіршілік иелерінің пайда болуын, өмір сүруін қамтамасыз етеді.

0 пікір
Мұрағат