|
Хай-тек шариғат шәлісін су өткізбейді әрі ыстықтан қорғайды (Видео)
|
Ахмет Ганем есімді 22 жастағы кәсіпкер мұсылман мүмін әйелдердің арманын орындап, салқындататын қасиетке ие әрі су өткізбейтін өзгеше материалдан шариғат шәлісін ойлап тапты. Бұл жайында «Huffington Post» ақпарат көзі хабар таратты. «Салқын әрі құрғақ» деп аталатын жаулықтың бұл түрі 7-10 градустан төмен температурада жылы жүруге көмектесетін арнайы матадан жасалған. Екі жылғы зерттеуден кейін Ахмет ультракүлгін сәуледен қорғайтын әрі аптап ыстықтың 80 пайызын сездірмейтін нейлон материалдың қасиетіне көз жеткізген екен.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)
■
Араб елінде қалаға қарағанда ауылдық жерлерде кемтарлар көп...