|
Ғылым әлеміндегі ең азалы көрініс: жасушаның өлуі (видео)
|
Reddit әлеуметтік жаңалықтар сайтында таспаға тартылып қалған блефаризм текті бір жасушалы инфузор туралы екі минутқа созылатын танымдық видеоның танымалдылығы артып келеді. Онда микроағзаның өмір үшін күресі бейнеленген: түктерін жандәрмен жыбырлатып ғайып болады. Белгілі болғандай, жасуша жарықтың әсерінен «өлген». Джеймс есімді 27 жастағы америкалық жігіт осы кқріністі таспаға тартып алыпты. Программамен жабдықтаушы (бағдарламамен қамтамасыз етуші) болып жұмыс істейтін ол қолы қалт еткенде биология курсына қатысып, микроскоп арқылы микроағзаларды бақылауды әдетке айналдырған болатын. Осылайша ол өзінің академиялық «білімін» өзгелермен бөлісуді жөн көрген екен.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Бір оператордың бақылауындағы дрондар немесе дрондар үйірін бір орталықтан басқаратын жүйе (видео)
■
Иран стратегиялық бұғазды экономикалық кіріс көзіне айналдыруды заңдастырады
■
Жапония азаматтық алу үшін елде тұру мерзімін 5 жылдан 10 жылға ұзартты
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды