Ғұмырды ұзартатын гормон анықталды
Ғұмырды ұзартатын гормон анықталды
3 жыл бұрын 1728 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Shutterstock

Луизина штаты университетінің (АҚШ) ғалымдары ұзақ өмір сүруге ықпал ететін, бауыр ағзасында өндірілетін гормонды – фибробластың  өсу факторы 21 (FGF21) анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature Communications мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш гормон ұзақ өмір сүруде аз ақуызды диеталардың тиімділігіне тікелей әсер етеді. Алдыңғы зерттеулер нәтижесі FGF21 аз ақуызды, жоғары көмірсутекті диетамен біріктірілгенде бұл бағыттағы тәжірибеге тартылған кеміргіштердің салмақ жоғалтатынын көрсетті. Ол, сондай-ақ, глюкозаға төзімділікті жақсартады және энергия шығынын арттырады. FGF21 тудыратын гені жоқ зертханалық тышқандардың артық салмаққа ие болатынын, олардың негізінен майдан тұратынын, олардың денесі глюкозаны жақсы өңдемейтінін және қартайған кезде FGF21 факторы бар ұяластарына қарағанда әлсіз болып келетінін растай алды. Алдағы уақытта ғалымдар бұл гормонның ұзақ өмір сүру тетігімен қалай байланысатынын  зерттеп көрмек. Дәлірегі, ғалымдар FGF21 адам ағзасында қандай рөл атқаратынын білгісі келеді.

0 пікір
Мұрағат