Германияда сутек отынмен жүретін әлемдегі ең алғашқы пойыз Coradia iLint тестілік режимде сыналды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.
|
Германияда әлемдегі алғашқы сутек отынмен жүретін пойыз құрастырылды
|
Аталмыш пойыз Төмен Саксония мен Бремен қалаларының арасында жүре бастайды.
Сутек отынға толған цистерна мен отын элементі пойыздың төбесіне орнатылған. Пойыз экологиялық таза болып есептеледі. Себебі, электр тогы қоршаған ортаға зиян келтірмейтін сутектен бөлінеді.
Пойыз сағатына 140 км максималды жылдамдықпен жүреді. Coradia iLint бір рет толтырып қойса, 1000 км қашықтыққа жетеді.
Пойызды Германияның Зальцгиттер қаласында франциялық Alstom компаниясы әзірлеп шығарды.
Үш жылдан кейін дәл осындай 14 пойыз тұрақты түрде рейстерді орындайды деп жоспарланып отыр. Кейін барлық дизельмен жүретін аймақаралық пойыздар сутекті отынмен жүретінге алмастырылады. Жүйені жаңғырту үшін 81,3 млн евро бөлінген.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Cингапур алаяқтарға дүре соғу жазасын заңдастырды және мұндай жаза қай елдерде бар
■
Түркі елі түрме инфрақұрылымын дамытып жатыр
■
Күллі Африкада интеллектуалды капитал бойынша бірінші орыннан көрінген араб елі
■
Мұсылман елі әлемде күріш импортынан келесі жылы бас тартуға ден қойған алғашқы мемлекетке айналады
■
Жаһандық электр энергиясын өндірудегі жаңғыртпалы энергия көздерінің үлесі алғаш рет көмірден асты