Генетикалық ақпараттың берілуінің тағы бір тетігі анықталды
Генетикалық ақпараттың берілуінің тағы бір тетігі анықталды
9 ай бұрын 1452 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Гонконг университетінің ғалымдары нақты генетикалық ақпараттың берілуін және әрбір бөліну кезінде жасуша қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз ететін жаңа тетікті ашты. Бұл жайында islam.kz порталы Nature мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Молекулаларды қосу қызметін атқаратын эпигенетикалық факторлар белгілі бір жасушада қандай гендердің белсенді екенін анықтайды. Эпигенетикалық реттеу тетігіне диета, стресс, өмір салты және қоршаған орта сияқты түрлі экологиялық факторлар да әсер етеді. Жасуша ядросындағы ДНҚ гистондардың (хромосоманың құрамына енетін негізгі ақуыздардың бірі) ядролық ақуыздарымен бірге қайталанатын функционалдық бірліктерден – нуклеосомалардан тұратын хроматин түзеді. Жасуша бөлінгенде ДНҚ репликациясы орын алады және гистон модификациялары деген атпен белгілі эпигенетикалық таңбалары бар нуклеосомалар бөлшектеледі және қайта өңделеді, бұл процесс өз кезегінже эпигенетикалық ақпаратты еншілес жасушаларға дәл беруге мүмкіндік береді. Бұл процестегі қателіктер қатерлі ісікке және қартаюға әкелуі мүмкін. Бұл бағыттағы зерттеу барысында FACT ақуыз кешенінің (Spt16 және Pob3 суббірліктерінен тұратын) репликация процесі кезінде ата-аналық гистондармен әрекеттесетінін анықтады. Spt16 суббірлігі ата-аналық ДНҚ-да болған гистондарды аулайды немесе ұстайды және бүкіл FACT-гистон кешені ДНҚ репликациясының бүкіл процесін реттейтін Tof1 кешеніне ауысады. Бұл  тетік ата-аналық гистондарды еншілес ДНҚ тізбектеріне тасымалдауды жеңілдетеді. Сонымен, бұл тараптағы жаңалықтың маңыздылығы неде? Ғалымдардың айтуынша, бұл тетіктің ашылуы өз кезегінде қатерлі ісікті емдеудің инновациялық стратегиясын әзірлеуге көмектеседі.

0 пікір
Мұрағат