Генетикалық ақпаратты сақтайтын, ұрпақтан ұрпаққа табыстайтын жалғыз қайнар – ДНК емес...
Генетикалық ақпаратты сақтайтын, ұрпақтан ұрпаққа табыстайтын жалғыз қайнар – ДНК емес...
5 жыл бұрын 8011 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Молекулярлық биология биологиялық ғылымдардың бір тармағы, тірі ағзалардың жасушаларын және құрамын егжей-тегжейлі – деталына дейін зерделейді. Тірі ағзаның туу, тынысы, өсіп-өнуі, өлімі секілді маңызды кезеңдер мен процестерді қамтиды. Генетикалық ақпараттарды, яғни, тұқым қуалайтын жадыны сақтау, жүзеге асыру, табыстау, т.б. принциптерді зерделейтін биополимер де молекулярлық биологияға жатады. Нуклеотидтердің қалдығынан қалыптасқан жоғары молекулярлық органикалық түзіліс болып табылатын биополимер тірі ағзаға қатысты ақпаратты қамтып, оның дамуын, мұраға қалуын анықтайды. Бұл қышқылдар белоктардың биологиялық синтезіне атсалысады. Нуклеиндік қышқылдың екі түрі бар: ДНК – дезоксирибонуклеиндік;  РНК — рибонуклеиндік. ДНК дегеніміз не? ДНК тірі ағзаның дамуы мен қызметінің генетикалық кодын (жадысын) тасымалдаушы әрі сақтаушы жасушаның үш макромолекуласының (екеуі – белоктар мен рибонуклеиндік қышқыл) бірі.

Ғалымдар ДНК мен РНК-дан бөлек генетикалық ақпаратты молекулярлық деңгейде сақтайтын және тасымалдайтын миллиондаған ықтимал молекулярлық тасымалдаушыларды тапты. Аталмыш зерттеу нәтижесі Journal of Chemical Information and Modeling мерзімді басылымында жарияланды. Токио технологиялық институттың, АҚШ-тағы Эмори университетінің және немістердің аэроғарыш орталығының ғалымдары нуклейндік қышқыл молекулярлық ақпаратты сақтайтын жалғыз қайнар ма, әлде басқа да қайнар көздері бар ма, деген сауалға жауап іздеп, ізденген екен. Олар нуклейндік қышқылдың ықтимал түрлерін моделдеу арқылы BC3–7H5–15O2–4 және BC3–6H5–15N1–2O0–4 формулалары B — нуклейндік негізде тану элементі) шегінде макромолекулалардың миллионнан аса ықтимал нұсқалары барына көз жеткізеді. Жалпы есеп бойынша ВСНО және 454 422 ВСНNО типіндегі түзілістердің 706 568 нұсқасы барын анықтаған. Бұл жаңалық, яғни, қосымша мүмкіндіктер өз кезегінде жаңа буын дәрісін жасауға көмектеседі. Бұлай деуімізге нуклейндік қышқылды имитациялайтын синтетикалық молекулалардың вирустық ауруларды емдеудің көптеген әдіс-тәсілдерінің негізін қалайтыны себеп болып отыр. Вирустар да нуклейндік қышқылды өзінің мұраға алған ақпаратты сақтау үшін пайдаланады. Ағзаның немесе вирустың мұрагерлігін жою – оны жоюдың ең тамаша нұсқасы.

0 пікір
Мұрағат