Гендік инженерияда CRISPR технологиясының бәсекелесі пайда болды
Гендік инженерияда CRISPR технологиясының бәсекелесі пайда болды
4 жыл бұрын 2708 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Америкалық ғалымдар генді редакциялаудың баламасын ұсынып отыр. Бактерияның генетикалық элементі болып табылатын ретрондар рекомбинациясының уыты салыстымралы түрде аз әрі гендік инженергияның жылдам құралы бола алады. Бұл жайында islam.kz порталы engadget.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әлемге әйгілі Гарвард институтының ғалымдары бір мезгілде миллиондаған генетикалық тәжірибе жүргізуге мүмкіндік беретін генетиткалық редакциялаудың жаңа құралын ойлап тапты. Ғалымдар бұл әдісті ретрондар рекомбинациясы (RLR) деп атады. Бұл тәсілде бір тізбекті ДНҚ фрагментін түзуі мүмкін бактериялық ДНҚ сегменті пайдаланылады. Ғалымдардың айтуынша, осы уақытқа дейін қолданылып келген CRISPR-Cas9 құралы кеңінен тараған әрі ең танымал әдіс – бұл технология ғылым әлемінде төңккеріс жасаған жаңалық болды. Оның көмегімен ғалымдар түрлі тұқым қуалайтын ауруларды емдеп келген еді. Десе де бұл құралдың немесе тәсілдің өз кем-кетігі толып жатыр: мәселен, ғалымдар CRISPR-Cas9 материалын үлкен мөлшерде тиісті жеріне жеткізе алмайтын, бұдан бөлек, ол жасушы үшін улы болып келуі де мүмкін, өйткені, Cas9 ферменті – ДНҚ жібін кесуге арналған молекулярлы «қайшы» көзделген аймақты емес, мүлдем басқа аймақты қиып жіберу қатері жоғары. Ал ретрондар өз кезегінде ДНҚ жібін репликациялаушы (көшіруші) жасушаға енгізе алады – жіптің еншілес жасуша ДНҚ-на енуі үшін. Бұған қоса, ретрондардардың жүйелілігі «штрих-код» ретінде қызмет ете алады – ғалымдарға жекелеген процестерді қадағалауға мүмкіндік бермек. Яғни, оны бір мезгілде көптеген тәжірибе жүргізе отырып, төл ДНҚ-ны зақымдап алмай генді редакциялауға мүмкіндік береді.

0 пікір
Мұрағат