Гелиоэнергетикалық қондырғы қандай да бір затты 1000 ℃-тан артық жылыта алады
Гелиоэнергетикалық қондырғы қандай да бір затты 1000 ℃-тан артық жылыта алады
5 жыл бұрын 3789 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Heliogen компаниясы Калифорнияда еңсерілуі қиын шыңды бағындырғанын жер-жаһанға жария етті – аталмыш компанияның күн энергиясын шоғырландыратын қондырғысы нысананы 1000 ℃-тан аса температураға дейін қыздыра алды. Бұл жаңалық өз кезегінде аталмыш қондырғыны ауыр өнеркәсіпте түрлі өндіріс процестері үшін баламалы жылу көзі ретінде қолдануға мүмкіндік бермек. Әлемге әйгілі Билл Гейтс (Heliogen компаниясының атқарушы директоры да оның өзі) демеушілік көрсеткен жоба өндірісте қоршаған ортаға зияны көп қазба отынды пайдалану деңгейін көп төмендете алады. Heliogen-ның бұл жобасы патенттелген әрі құпия ұсталады. Десе де оның негізінде шағылысқа күн сәулесін бір нүктеге жинайтын шоғырландыру технологиясы жатқаны белгілі. Аталған компания мамандары күн сәулесін барынша дәл шоғырландыру мақсатында айнаны мейлінше сәтті орнату үшін компьютерлік жанар технологиясын қолданған. Бұл өз кезегінде аса жоғары темперутараға қол жеткізуге септігін тигізді. Heliogen компаниясы бұл межемен шектеліп қалмайтынын мәлімдеді – температураны 1500 ℃-қа жеткізуді көздеп отыр. Осылайша аталмыш қондырғыны металл қорыту, түрлі заттарды буландыру, өзге де мұнай химия саласындағы процестерді жүргізе алатындай деңгейге жеткізуді мақсат етіп отыр. Мәселен, цемент өндірісі атмосфераға CO2-ның 7 %-ын бөледі. Ал аталған қондырғы бұл проблеманы шешуге көмектеседі. Осы орайда мынаны айта кеткен жөн: меценант Билл Гейтстің бұл жобасы «жасыл»энергетикада жаңа төңкеріс жасауға жол ашады – осы заманғы «жасыл» энергетика саласындағы технология әлемдік энергетикаға деген сұраныстың бар-жоғы төрттен бірін ғана қанағаттандырып отыр.

Установка Heliogen

0 пікір
Мұрағат