Ғарыш жеделсатысы жасалады (видео)
|
Жапон ғалымдары мен инженерлері көпр ұзамай орбитаға жеткізетін "ғарыш жеделсатысын" құрастырып жатыр. Бұл идеяны ең алғаш рет орыстың көрнекті ғалымы К.Э. Циолковский ұсынған болатын Париж қаласындағы Эйфел мұнарасын көргеннен кейін. Бүгінгі таңда күншығыс елінің Сидзуоке қаласындағы мемлекеттік университетінің ғалымдары бұл идеяны нақты жобаға айналдырудың қамына кіріскен. Ол жапондардың ғарыш агенттігіне тиесілі H-2B зымыранымен іске қосылмақ. Сынақ бойынша алты сантиметр, ені үш сантиметр, биіктігі үш сантиметр болатын шағын қорапша ұшырылады. Егер сынақ сәтті өтсе, кеңістікте екі шағын жасанды жер серігінің арасында тартылған 10 метрлік кабел бойынша жылжитын болады. Ғарыш жеделсатысының қозғалысы спутник камерасы арқылы қадаланып отырады.