Ғалымдар ұйқыда бастығырылудың себебін айтты
Ғалымдар ұйқыда бастығырылудың себебін айтты
2 күн бұрын 496 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Дүниежүзілік ұйқы күні (наурыз айының 14-і күні аталып өтеді) қарсаңында Перм (Ресей Федерациясы) ұлттық зерттеу политехникалық университетінің (ПНИПУ) ғалымдары ұйқыға байланысты кейбір жұмбақ құбылыстардың себептерін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

Ресейлік ғалымдардың пайымдауынша, ұйқыдағы бастығырылу тез ұйқы кезеңінен ояну кезеңіне өтер алдындағы мидағы уақытша ауытқудан орын алады. Өздеріңіз білетіндей, ұйқы төрт сатыдан тұрады: қалғу, құс ұйқы, терең ұйқы және REM-фазасы (тез ұйқы деген атпен белгілі). Терең ұйқы кезінде организмның қалпына келу процесі жүреді әрі гормон істеп шығарады. Ал түс әдетте тез ұйқы кезеңімен байланысты.

Ұйқыдағы бастығырылу – адам оянғанымен сал болған науқас секілді қимылдай алмайды. Бұл құбылыс REM-фазасы мен ояну арасындағы ауытқудан орын алады. Жағымсыз сезімдерге толы (үрей, елес) мұндай құбылыс психикалық ауытқумен байланысты емес, сол себепті, организм көп ұзамай қалыпты арнасын табады. Ал ұйқыдағы биіктен құлау сезімі әдетте бұлшық еттің тартылуынан орын алатын болып шықты. Адам мұндай сәтте селк ете қалады. Бұл жағымсыз құбылыс та ең алдымен мимен байланысты: ми организмнің дұрыс жұмыс істеп тұрғанын тексеру кезінде пайда болады. Бұл құбылыс әдетте шаршаумен, организмде калция секілді элементтің жетіспеушілігінен немесе бүйрек жеткіліксіздігінен орын алады.

Негізінде кейбір жануарлар, соның ішінде дельфиндер, киттер мен теңіз мысықтары эволюция барысында қалыптасқан, дәлірегі, тыныққан кезінде жыртқыштарға жем болмасы үшін қырағылығын сақтауға мүмкіндік беретін мидың бір бөлігімен ұйықтау қабілетіне ие. Ал адам мұндай қабілетке ие болмаса да (яғни, миының бір бөлігімен ұйықтау қабілеті) саналы түс көру қабілеті болады. Ол ұйықтап жатқанын біледі әрі ұйқы мазмұнын өзі қалағанындай өзгерте алады немесе басқара алады. Бұдан бөлек, Перм политех ғалымдары адам темпераментінің де ұйқы барысына әсер ететінін анықтады. Соның ішінде темпераменті жоғары адамдардың жиі түс көретінін де анықтай алған. Өздеріңіз физиологиядан білетіндей, адам төрт түрлі темпераменттің біреуіне ие:

Холерик (гр. холе — өт) — темпераменттің типі (мінезді, қызу мінезді, жігерлі адам). Холериктің эмоцияға берілуі шапшаң. Сезім күйлері оқыс ауытқып, құмарта көтеріліп кететін шыдамсыз, күйгелек кісі. Әп-сәтте қызып кетіп, күйіп-піседі. Олар әдетте белсенді іс-әрекеттерге толы, жарқын түстер көреді.

Сангвиник – көңіл күйі орнықты, энергиялы және терең қарым-қатынаспен сипатталатын темперамент түрі. Сангвиниктер ұстамды келеді және эмоцияларын басқара алады. Олар әдетте көбінесе жұмысымен немесе алдына қойған мақсатымен байланысты анық та қанық түстер көреді.

Флегматик (грек. φλέγμα, флегма, лимфа) - Флегматик темпераменті сезімнің болымсыз білінуімен сипатталады; флегматикті өзі үшін байсалды кәдуілгі күйде шығарып әкету оңайға түспейді; ол жүріс-тұрысы мен сөзінде сылбыр, оның мимикасы онша айқын емес, қимылдары сараң келеді. Олар әдетте сирек түс көреді, ал түс көрсе, үзік-үзік түстер көреді.

Меланхолик — адамдарға тән төрт темпераменттің бірі. Меланхолик сәл нәрсеге сезімтал, тұйық, сөзге сараң, жайбасар адамға қатысты айтылады. Мұндай адам жүйке жүйесі әлсіз типке жатады. Мұндай адаимдар әдетте көбінесе өткен шақпен байланысты түстерді көреді.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
24 25 26 27 28 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6