Ғалымдар тұңғыш рет атомдардың қалай қосылып, қалай ажырайтынын таспаға тартып алды (видео)
Ғалымдар тұңғыш рет атомдардың қалай қосылып, қалай ажырайтынын таспаға тартып алды (видео)
5 жыл бұрын 3850 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ноттингем университетінің, дәлірегі, ағылшін және неміс ғалымдарына атомдардың қалай қосылып, қалай ажырайтынын тұңғыш рет таспаға тартып алудың сәті түсті. Бұл мақсатта олар трнасмиссиялық электрондық микроскопты пайдаланған. Біз сөз етіп отырған обьектілер салыстырмалы түрде алсақ, бейнелеп айтқанда, адам шашынан мың есе жіңішке. Ғалымдар ауыр металдың рения атомдарының өзара әрекетін қадағалаған. Атомдардың өзара әрекеттесу процесін таспаға тартып алу үшін оларды көміртек нанотүтікшесіне орналастырған. Бұл көміртекті цилиндрдің диаметрі шамамен 1-2 нм болады, ол атомдар үшін шағын приборик ретінде пайдаланылады. «Нанотүтікше атомдарды немесе молекулаларды «аулауға» әрі оларды керекті жеріне орналастыруға көмектесті. Біз бұл бағытта екі рения атомын ұстай алдық әрі оларды бір-бірімен қоса алдық - осылайша Re2 молекуласын қалыптастырдық. Ренияны атомдық микроскоппен бақылау оңай – ол зарядтық мөлшерінің көбірек болуына байланысты жанындағы жеңіл атомдарға қарағанда қара болып келеді»,- деді Ноттингем университетінің профессоры, аталмыш зерттеуге жетекшілік еткендердің бірі Андрей Хлобыстов. Атомдардың ұдайы өзара әрекеттеседі – бірде қосылады, бірде ажырайды – осылайша күллі ғалам үшін маңызы зор процесті тудырады.

 

0 пікір
Мұрағат