|
Ғалымдар тәжірибедегі ауру кеміргішті алжу дертінен толық айықтырды
|
Ғалымдар тәжірибе арқылы ауруы асқынған тышқанды алжу дертінен толық айықтырды. Дәлірегі, мидың энергетикалық тепе-теңдігін қалпына келтіру арқылы конгнитивті функциясын қалпына келтірген. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Cell Reports Medicine мерзімді басылымына жөн сілтеген Рsypost ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы зерттеу ғасырлар бойы қалыптасқан Альцгеймер ауруның емі жоқ деген қасаң түсінікке күйрете соққы берді. Осы уақытқа дейін бұл тараптағы барлық ем-дом ауруды толық жеңуге емес, ең алдымен аурудың өршуіне жол бермеуге саятын. Ал осы жолғы зерттеуде жоғалған ми қызметін толық қалпына келтіруге ықпал еткен. Жаңа тәсіл жасуша деңгейінде энергетиканы алмасуда маңызды рөл ойнайтын NAD ⁺ (никотинамидадениндинуклеотид) молекуласының қалыпты деңгейін ұстап тұруға негізделген. Жас ұлғая келе NAD деңгейі ⁺ төмендейтіні белгілі, ал нейродегенеративті ауруларда бұл процесс әсіресе қатты байқалады. Жетістікке бастаған зерттеуді Case Western Reserve University (АҚШ) ғалымдары басқарды. Олар NAD деңгейін қауіпті мәндерге дейін көтермейтін, оны физиологиялық диапазонға қайтаратын ⁺P7C3-A20 нейропротекторлық қосылысын пайдаланды. Тәжірибе Альцгеймер ауруының ауыр түрлеріне шалдыққан екі генетикалық тұрғыдан түрлендірілген кеміргішке жүргізілді. Нәтижесінде гематоэнцефалдық тосқауылдың (мидың қооғаныш қабаты) жасуша деңгейінде қалпына келіп, Альцгеймер ауруының клиникалық биомаркері - p-tau217 деңгейінің төмендеген. Протеомдық талдау нәтижесі митохондриялармен, қалдықтарды кәдеге жаратумен және ақуыздардың бүктеліп жазылуымен байланысты ондаған ақуыздар деңгейінің қалыпқа келгенін көрсетті.