Ғалымдар баланың таңдайына гель түріндегі глюкозаны үйкеу жетілмей туған балалардың миына зақым келуден сақтайды дейді. Жаңа Зеландия зерттеушілері 242 нәрестеге тәжірибе жасап, нәтижесінде жаңа туған сәбиге алғаш жасалатын тәртіптердің қатарына қосу керек деген шешімге келді.
Ал, Пайғамбарымыздың (ﷺ) еш нәрсеге тең келмейтін ана сүті тұрғанда, баланың ең бірінші ауызына құрманы салуының себебі мынадай. Құрма ана сүтінде кездеспейтін амино қышқылын қуаттайды. Жаңа туған сәби осы негізде қуатының үлкен бөлігін құрмадан алуы мүмкін.