Ғалымдар сегізаяқты жасыруға көмектесетін қабілетті қайталауға мүмкіндік беретін пигментті өндірудің жолын тапты
Ғалымдар сегізаяқты жасыруға көмектесетін қабілетті қайталауға мүмкіндік беретін пигментті өндірудің жолын тапты
6 күн бұрын 560 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар табиғатта сирек кездесетін пигментті алудың жолын тапты. Бұл жайында  islam.kz порталы Nature Biotechnology мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар теңіз жануарын қауіп төнгенде, жемтігін аңдығанда жасырынуға, дәлірегі, қоршаған ортаның түсіне қарай бейімделуіне (құбылуына) мүмкіндік беретін ксантоматин пигментін молынан алудың әдісін тапты: бактерияны мұндай затты мыңдаған есе көбірек бөліп шығаруға мәжбүрлейтін тәсілді тапқан. Сегізаяқ түсін шебер өзгерте алатын санаулы жануарлардың бірі. Оның терісі ттеңіз түбінің фактурасын қайталай алатын қабілетке ие. Осылайша қоршаған ортамен «бітісіп» кетеді. Мұндай қабілетке ксантоматин пигменті ықпал етеді. Ғалымдардың назарын көптен бері өзіне аударғанымен мұндай пигментті зертханада алу қиын болатын. Сан-Диегодағы Калифорния университетінің биотехнологтары пигменттің пайда болу процесін құмырсқа қышқылының пайда болуымен байланыстыра отырып, ксантоматин өндіруді жалғастырған жағдайда ғана өсуі мүмкін «ауру» бактерияларды «құрастырды».  Микроорганизмдерді қажетті затты өндірген кезде де өмір сүре алатындай етіп «құрастырған». Сарапшылар бір литрге шаққанда 3 граммға дейін пигментті өндіріп алуға қол жеткізді. Бұл шама бұрынғыдан едәуір көп - басқа әдістер литріне тек 5 мг-ға дейін ксантоматин алуға мүмкіндік берді. Бұл бірегей жаңалық түсін өзгертуге қабілетті әрі тұрақты биоматериалдар жасауға мүмкіндік бермек.

0 пікір
Мұрағат