Ғалымдар құстардың қандай түрлерінің адамға қауіпті екенін анықтады
Ғалымдар құстардың қандай түрлерінің адамға қауіпті екенін анықтады
3 ай бұрын 1021 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, қалалық жерді мекендейтін құстар көбінесе антибиотиктерге төзімді бактерияларды тасымалдайды. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Адамдарға жақын жүретін жабайы құстар антибиотиктерге төзімді бактерияларды тасымалдауға бейім екенін жаңа зерттеу анықтады. Ғалымдардың пайымдауынша, құстар бойындағы бактериялардың антибиотиктерге төзімділігі негізгізінен адамдар мен үй жануарларына дәрілік заттардың жиі қолдануынан туындайды. Ғалымдар жабайы құстардың микробқа қарсы төзімді бактерияларды бірнеше жолмен жинай алатынын алға тартып отыр: мәселен, шағалалар мен қарғалардың қоқыс полигондарынан, ал үйректер мен қаздар суы ластанған өзен-көлдерде жинай алады. 2019 жылы әлемде шамамен 4,95 миллион өлім-жітім бактерияның дәрі-дәрмекке төзімділік танытуынан орын алған екен, соның ішінде 1,27 миллионы тікелей осы себептен (құстар арқылы жұқтыру  себебінен) болған. Әлемге әйгілі Оксфордтың Инео институты сарапшыларының пікірінше, қалалық жердегі жабайы құстар дәріге төзімді бактериялардың резервуарына (жиналатын қоры). Самуел Шеппард есімді профессор жабайы құстардың бойынан антибиотиктерге төзімділік гендерін тапқанын атап өтті. Бұл бактериялар еркінен айырылған құстар арасында, соның ішінде құс фабрикаларында таралуы мүмкін. Зерттеу барысында түрлі елдердегі 30 құс түрінен 700 құс саңғырығында кездескен бактериялық геномдар талдаудан өткізілді. Құстардың микробиомасының бөлігі болғанымен адамдарда гастроэнтерит тудыратын Campylobacter jejuni штамдарына ерекше назар аударылды. Әдетте, әрбір құста Campylobacter jejuni-нің белгілі бір штаммы болады. Алайда, қалалық жердегі құстардың бойынан антибиотиктерге төзімділікті тудыратын гендер үш есе көп көптеген штамм (қоздырғыштар) табылды. Манчестер университетінің ғалымы Данна Гриффорд құстардың бойындағы антибиотикке төзімді бактериялардың  адам денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін екенін ескерткенімен бактериялардың құстардан адамдарға тікелей берілгені жөнінде фактінің жоғын да жасырмайды. Сол себепті де бұл тараптағы зерттеу қосымша зерттеулерді қажет етеді.

0 пікір
Мұрағат