Ғалымдар қорылдаудың қатерлі ісікке қалай әсер ететінін айтты
Ғалымдар қорылдаудың қатерлі ісікке қалай әсер ететінін айтты
9 жыл бұрын 2712 tengrinews.kz lenta.ru Қатерлі ісік жасушасы

Ғалымдар қорылдаудың қатерлі ісікті асқындыратынын мәлімдеді.

Порталдың мәліметінше, дұрыс ұйықтамау және қорылдау қатерлі ісіктің өршуін жылдамдатады. Мұндай мәлімдемені Испания мен АҚШ дәрігерлері жасап отыр, олар бұл жаңалықтарын Мюнхенде өткен урологияның еуропалық қауымдастығы конгресінде жария етті. Ал авторлардың зерттеуі жөнінде EurekAlert! хабарлады.

Ғалымдар ұйықтау кезінде өкпедегі ауа алмасудың қысқа мерзімге тоқтауын гипоксия деп атады, ол қатерлі ісікті өршітеді, яғни ұйықтау кезінде қандай да бір ішкі ағзаға немесе тіндерге оттегінің қажетті мөлшерде жетіспеуі. Ол қан тамырларында қатерлі ісік жасушаларының пайда болуына әкеп соғады.

Ғалымдар тышқандарға зерттеу жүргізгеннен кейін осындай тұжырымға келді, зерттеуге 12 сау және қатерлі ісікке шалдыққан 12 тышқан қолданылды. Ғалымдар кідірмелі гипоксияға шалдыққан ауру кеміргіштерде жасушалар санының артқанын байқаған. Олар тышқандарға жасалған зерттеу жұмыстарының нәтижесі адамдарға да келеді деп отыр. Сонымен қатар, авторлардың пайымдауынша, шылым шекпейтін, артық салмағы жоқ және спортпен айналысатын адамдардың ағзасы мен тіндеріне оттек қалыпты жағдайда баратындықтан қатерлі ісікке шалдығу қаупі төмен болады.

0 пікір
Мұрағат