Ғалымдар қатерлі ісіктен арылудың жолдарын зерттейтін гидрогель ойлап тапты
Ғалымдар қатерлі ісіктен арылудың жолдарын зерттейтін гидрогель ойлап тапты
7 жыл бұрын 2642 stan.kz

Польша ғалымдары адам ағзасындағы ісікті анықтайтын гидрогель ойлап тапты. Бұл туралы Хабар 24 арнасы хабарлады.

Жаңалықтың маңыздылығы осы ауытқуларды зерттеп, тиімді дәрі-дәрмек жасап шығаруды жеңілдете түседі.

Ғалымдардың айтуынша, дәрігерлер бұл гель арқылы дәстүрлі құрал-аспаптармен жасалған зерттеулерге қарағанда әлдеқайда артық нәтижеге қол жеткізе алады. Бұған қоса, қандай да бір дәрі жасап шығару үшін жануарларға жүргізілетін тәжірибелерді де азайтуға көмектеседі.

Поляк ғалымдары болашақта бұл гельді барлық зерттеу орталықтарында пайдалана бастайтынына сенімді.

«Біздің мына ойлап тапқан сулы гель зертханалық жағдайда адамдардың денесіндегі жасушалардың өсу ортасын қалыптастырады. Ол сонысымен құнды», – деді зерттеуші Мартин Кризкавски.

0 пікір
Мұрағат