Ғалымдар қатерлі ісікпен күресу үшін бактериялық қалқан құрды
Ғалымдар қатерлі ісікпен күресу үшін бактериялық қалқан құрды
3 ай бұрын 948 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Колумбия ғалымдары обырды емдеуде үлкен жетістікке жетті. Бұл жайында islam.kz порталы worldinform ақпарат көзіне және Nature Biomedical Engineering мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл жолы бактериялық қалқан әдісін ойлап тапты – оның көмегімен онколиттік вирустар қатерлі ісіктің өзіне енгізіледі. Гені түрлендірілген бактериялар ісікке еніп, көбейіп, жаңа ісіктің пайда болуына жол бермейді. Бұл бағытта тышқандарға тәжірибе жүргізілген; обырға қарсы вирустарды ісікке енгізудің түрлі әдісін қолданып көрген екен. Бұл тәсілдердің ішінде бактериялық қалқан жақсы нәтиже көрсеткен: онкологиялық дертке шалдыққан жануардың ғұмырын ұзартқан. Инновациялық бактериялық дәрінің кері әсері байқалмады. Онкологиялық терапияның немесе ем-домның негізгі қиындығы - вирусты ісік жасушаларына жеткізуде жатыр. Тамыр арқылы енгізу кезінде вирустарды антиденелер тез залалсыздандырады және тығыз келетін ісік матрицасына нашар енеді. Инженерлiк бактериялар, керiсiнше, иммундық бақылау әлсiреген iсiктiң гипоксиялық жерлерiн табиғи жолмен «отарлайды». Danino командасы «бактерия + вирус» жүйесін құрды, онда S. typhimurium ісікке жиналып, вирустық материалды тікелей обыр жасушаларына жеткізеді. Ісіктің ішінде вирус көбейіп, жасушаларды лизирлей бастайды, осылайша жұқтырудың тізбекті реакциясын тудырады. Осы тұста бірегей тәсілдің организмге тигізуі ықтимал қатерінің алдын алу үшін Генетикалық тұрғыдан «ауыстырып қосқыш» деп аталатын редакциялау әдісі қолданылды - вирус бактерия болған жерде ғана көбейіп, белсенді күйге енеді, осылайша оның ісіктен тыс әсерін барынша азайтады. Бактериялардан төнетін қауіптің алдын алу үшін қосымша сақтық шарасы  қарастырылған: әлсіреген, антибиотиктерге сезімтал және бағдарлауға келетін, кіріктірілген «килл-switches» («ауыстырып қосу») әдісі көзделген.

0 пікір
Мұрағат