Ғалымдар озық технологияның көмегімен қатерлі ісік жасушаларын жойды
Ғалымдар озық технологияның көмегімен қатерлі ісік жасушаларын жойды
4 жыл бұрын 4564 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Израилдік Тел-Абиб университетінің ғалымдары агрессивті қатерлі ісікті емдеу үшін CRISPR/Cas9 жүйесін пайдаланып, жетістікке жеткендерін жария етті. Бұл жайында islam.kz порталы Lad Bible ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. CRISPR/Cas9 – генді редакциялау құралы. Ғалымдар «генетикалық қайшының» көмегімен қажетсіз жасушаларды кесіп тастады. Генетиктер қажетсіздерін кесіп немесе керектісін қосып қоймай, сонымен қатар, ДНҚ тізбегінің қандай да бір учаскесін өзгерте алады. Бұрын аталмыш құрал эмбрионмен жұмыс істеу кезінде қолданылатын. Ғалымдар бұл құралды ересек адамдарға қолданып көрудің жолдарын іздестірген еді. Осы мақсатта ғалымдар алдымен Шмунис биомедицина және онкологиялық зерттеу мектебінің қабырғасында тышқандардың обырын емдеп көрмек болады. Олар қатерлі ісікке бағытталатын әрі қатерлі ісікті генетикалық манипуляция көмегімен жоятын нанобөлшектер негізіндегі липидтерді жеткізудің тың әдісін әзірледі. Профессор Дэн Пирдің айтуынша, бұл зерттеу әлемде тұңғыш рет жүргізіліп отыр – CRISPR генді редакциялау жүйесі жануардың қатерлі ісігін тиімді емдеуде пайдаланылуы мүмкін. Осы тұста бұл емдеу тәсілі химиялық терапия еместігін айта кетпекпіз. Ешқандай кері әсері байқалмады, осылайша ем қолданылған қатерлі ісік белсенділігінен айырылып қалған болатын. Cas9 молекулярлы қайшысы қатерлі ісік ДНҚ-сын кесіп, оны бейтараптандырды әрі репликациясының (көшіру, көбею) алдын алды. Ғалымдар мейлінше агрессивті қатерлі ісік түрлерін, атап айтқанда, глиобластоманы (мидағы қатерлі ісіктің ең қауіпті түрі) және аналық бездің метастатикалық обырын емдеп көрді. Глиобластомадан зардап шегетін тышқан бір процедурасынан кейін өмір сүру ұзақтығы екі есеге артқан, олардың аман қалу ықтималдылығы шамамен 30%-ға артқан. Мұндай оңды нәтиже аналық без обырына шалдыққан тышқанның бойынан да көрініс тапты – жалпы аман қалу ықтималдылығы 80%-ға артқан.

0 пікір
Мұрағат