Ғалымдар орманнан көбірек ағаш өндірудің жолын тапты
Ғалымдар орманнан көбірек ағаш өндірудің жолын тапты
3 ай бұрын 639 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бирмингем университетінің және британиялық басқа да ғылыми мекемелердің ғалымдары атмосферадағы көмірқышқыл газының жоғары деңгейі кейбір орман-тоғайда көбірек ағаш өндіруге мүмкіндік беретінін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы Nature Climate Change (NCC) ғылыми, мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 180 жыл емен тоғайының ауасындағы көміртегі концентрациясын (шоғырлану деңгейін) 2050 жылдан кейін планетарлық деңгейге жетуі мүмкін деңгейге жеткізді. Аталмыш жобаны жүзеге асыру үшін ғалымдар орманның түрлі учаскелерінің беткейіне орнатылған сегіз қабатты ғимараттың биіктігіндегі құбырларды пайдаланды. Көмірқышқыл газымен қаныққан ауа құбырлар арқылы баяу берілді. Нәтижесінде жеті жылда тоғайдағы емен ағаштары ағаш массасын 10%-ға арттырған. Ғалымдардың пікірінше, ағаштың өсуі азот пен фосфорға қаныққан орман топырағының құрамына байланысты болды. Осындай тәжірибе Австралияның эвкалипт ормандарында да жүргізілді, десе де ол жерде көмірқышқыл газын бүрку әдісі ағаштарға әсер етпеген. Зерттеушілер австралиялық топырақтың микроэлементтерге жұтаң екенін, сондықтан өсімдіктердің атмосферадағы көміртекті жаңа ағашқа тиімді айналдыра алмайтынын атап өтті.

0 пікір
Мұрағат