Ғалымдар обырдың одан ары таралуын тоқтататын әдісті тапты
|
Нью-Йорк мегаполисіндегі Пресвитериан емханасының және Корнелл биомедициналық зерттеу орталығының ғалымдары мидағы қатерлі ісіктің таралуына мүмкіндік беретін ақуыздың ерекшелігін анықтады. Осы бағыттағы зерттеу релизі Medical Xpress ақпарат көзінде жарияланды. Ғалымдар көз жеткізгендей, CEMIP ақуызы қан тамырларының және резидентті иммундық жасушалардың мидағы қатерлі ісікке шалдыққан жасушалардың таралуына ықпал ететін қоздырушы молекулаларды істеп шығарады. Жануарларға жүргізілген тәжірибе көрсеткендей, аталған ақуыз бұғатталған кезде мидағы метастаз процесі тоқтаған болатын. Сөз орайы келгенде мына жайтты айта кету керек, онкологиялық өлім-жітімнің көбісі қатерлі ісікке шалдыққан жасушалардың өзге ағзаларға таралуынан болып отыр. Ал мидағы метастаз ең қауіпті түрі болады.