|
Ғалымдар майлы тағамның неліктен қатерлі ісікке шалдықтыратынын анықтады
|
Ғалымдар майлы тағамның неліктен қатерлі ісік ауруына шалдықтыратынын анықтады, - деп хабарлайды РИА Новости.
АҚШ-тағы Массачусетс технологиялық институтының ғалымы Омер Илмаздың айтуынша, майлы тағам бағаналық жасушалардың метоболизмін бұзып қана қоймай, оны өзгертіп жібереді. "Май бағаналық жасушаның кейбір қасиеттерін өзгертіп, қатерлі ісіктің пайда болуына әкеледі", - деді ол.
Ғалымдардың айтуынша, соңғы жылдары жүргізілген зерттеулер майды аз жейтіндерге қарағанда оны көп тұтынатындардың тік ішектегі қатерлі ісік ауруына жиі шалдығатынын көрсетіп жүр.
Айта кетейік, мамандар обырдың барлық түрі бағаналық жасушадағы мутацияның өзгеруінен пайда болатынын айтып отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қазақстандықтарға шетелде қиын жағдайға тап болған кезде кім көмектеседі
■
Азия елі сумен жұмыс істейтін батарея шығара бастады
■
Қытай шөлейттенуге қарсы биотехнологияны қолданады
■
Ғалымдар обырмен күресу үшін иммундық жасушаны қолдан өсірудің жолын тапты
■
Үндістан мұсылмандар көптеп оқуға түскен үшін медициналық колледжді жауып тастады