Ғалымдар кез келген жағдайда өмір сүре алатын «киборг жасушаларын» жасады
Ғалымдар кез келген жағдайда өмір сүре алатын «киборг жасушаларын» жасады
2 жыл бұрын 1482 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Кииборг жасушалар бағдарламаға «бағынады», яғни, оларды қолдан бағдарлауға (басқаруға) болады. Соған қарамастан жасушаға тән негізгі міндеттерін сақтап, қызметінен ауытқымайды. Бұл жайында islam.kz порталы New Atlas ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Калифорния университетінің ғалымдары табиғи жасушаларға жат жағдайларда тіршілігін жалғастыра алатын жартылай тірі жасушаларды синтездеді. Ғалымдар бұл тарапта биологиялық жүйелер мен ағзаларға инженерлік принциптерді қолдануды қарастыратын синтетикалық биологияның әлеуетін пайдаланды. Осылайша, ғалымдар өз кезегінде жаңа әдісті ойлап тапты. Зерттеушілер жасанды полимердің құрылыс блоктарын тірі бактериялармен толтырып, оны ультракүлгін сәуленің әсеріне ұшыратып көрді, нәтижесінде полимер гидрогелге айналып, жасуша қабығын берік етті. Осылайша киборг жасушалар пайда болды. Мәселен, бактериялар зат алмасу процесі, жылжу, ақуыз өндіру секілді өзінің биологиялық қызметінің көп бөлігінен айырылмаған болатын. Осылайша киборг жасушалардың сыртқы факторларға табиғи жасушаларға қарағанда әлдеқайда төзімді келетіні белгілі болды, мәселен, табиғи жасуша тірі қалмайтын сутегі тотығының, антибиотиктің, рH-нің (ортаның қышқылдық деңгейі жоғары деңгейінің әсеріне төтеп берген.

Ұқсас материалдар:

«Жасанды жасуша жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasandy-jasusha-jasaldy-15743/#gsc.tab=0);

«Вирусқа бой бермейтін жасанды гені бар жасуша жа»алды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/virusqa-boi-bermeitin-jasandy-geni-bar-jasusha-jasaldy-15331/#gsc.tab=0);

«Жасанды ген тізбегін жасаудың жаңа тәсілі пайда болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasandy-gen-tizbegin-jasaudyn-jana-tasili-paida-boldy-14810/#gsc.tab=0);

«Синтетикалық «тірі» жасуша жасалды» (https://islam.kz/kk/news/madeniet/sintetikalyq-tiri-jasusha-jasaldy-17502/#gsc.tab=0)

 

0 пікір
Мұрағат