Ғалымдар кеміргіштің терісін тағамдық бояу арқылы мөлдір етудің жолын тапты
Ғалымдар кеміргіштің терісін тағамдық бояу арқылы мөлдір етудің жолын тапты
3 ай бұрын 1149 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар ішкі ағзаларды визуализациялаудың (көрудің) мүлдем тың әдісін ойлап тапты - олар дененің сыртқы тіндерін жарықтың әсерімен мөлдір етудің жолын тапты. Бұған қол жеткізу үшін теріге қауіпсіз тағамдық бояулар қолданылды. Бұл жайында islam.kz порталы knife.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бір кереметі, аталмыш технология заласыз болып шықты – терінің бастапқы күйін қаз қалпына келтіре алады. Бұл технология медицинаның көптеген саласында кеңінен қолдануға келеді, соның ішінде науқасқа диагноз қоюда маңызы зор. Атап айтқанда, аурудан зардап шеккен ағзаларды көруге, жарақатты көруге, тіпті, қатерлі ісіктің бар-жоғын анықтауға көмектеседі. Бұл тарапта тышқандарға жүргізілген тәжірибе барысында ғалымдар тағамдық бояғыш тартразинді пайдаланды. Ол жарықтың шашырауын болдырмай, маталарды мөлдір етіп, сыну көрсеткіштерін теңестірді. Зерттеушілер өз болжамын (гипотезасын) алдымен тауық етінің жұқа тілімдері арқылы тексеріп көрді. Тартразин концентрациясы (шоғырлану деңгейі) жоғарылаған сайын тері толығымен дерлік мөлдір тартты.

Фото: Zihao Ou et al./Science, 2024
0 пікір
Мұрағат