Ағаштың ең көп түрі (8715) Бразилияда кездеседі екен. Ал, азы Солтүстік Американың арктикалық аймағында, мұнда талдың 1,4 мың түрі өседі дейді ғалымдар.
Ағаш түрлерінің 58 пайызы әлемнің бір ғана елінде өсетін қасиетке ие. Ғалымдардың пікірінше, бұл фактор аталған өсімдіктердің жойылып кету қаупін арттырып отырған көрінеді. Орман өрттері мен адамдардың тал кесуінен де төніп тұрған қауіп аз емес дейді олар.
Бүгінде 300-ге жуық ағаш түрі жойылып кетудің сәл-ақ алдында тұр. Мәселен, табиғатта небәрі 50 түбі қалған ағаш түрлері бар. Ал, Танзанияда өсетін Karomia gigas ағашының Жер бетінде небәрі 6 түбі қалыпты. Қазір ғалымдар олардың ұрықтарын алып, қолдан көбейтудің жолдарын қарастырып жатыр.