Ғалымдар жарықтан сутегін алатын қондырғы ойлап тапты
Ғалымдар жарықтан сутегін алатын қондырғы ойлап тапты
5 ай бұрын 957 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Неміс ғалымдарының соңғы зерттеуі күн сәулесін пайдаланып, атмосфераға зиянды газдардың бөлінуіне жол бермей, сутегін өндіретін революциялық қондырғыны құруға саяды. Бұл жайында islam.kz порталы  Tech Xplore ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған инновациялық жобада күн сәулесінің қондырғының алдыңғы және артқы жағынан өтуіне мүмкіндік беретін арнайы материалдармен қапталған модулдер қарастырылған. Бұл жүйенің басты ерекшеліктерінің бірі - оның қауіпсіздігі мен жинақылығы (ықшамдылығы). Жекелеген модулдерді үлкен панелдерге оңай қосуға немесе жалғауға болады, бұл жайт өз кезегінде сутегі өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта бір модулдің өзі жылына 30 келіге дейін сутегін өндіруге қабілетті. Бұл мөлшер автокөліктің 15-20 мың шақырым жол жүруіне жеткілікті. Осы тұста осыдан бірер жыл бұрын осындай құрылғы жасалғанын да айта кету керек: Ғалымдар шоғырланған күн радиациясын және температураны басқрауды ұйғаратын фотоэлектрохимиялық сутегі өндіру жүйесін жетілдірді. Күн шуақты ауа-райында ерекше құрылғы тәулігіне 1 келіге дейін сутегі (11,1 м3) өндіріп, күн энергиясын 17% конверсия жылдамдығымен H2 түріне айналдыра алады. Бұл мөлшер сутегі отынымен жүретін көліктің 100-150 шақырымды артқа тастауына жетеді. Күн концентраторы, сонымен қатар, сәуледен энергия жинауды барынша арттыру үшін аспандағы күнді бағып айналады

 

0 пікір
Мұрағат