Ғалымдар жалғыздыққа қарсы дәрі жасауға кірісті
Ғалымдар жалғыздыққа қарсы дәрі жасауға кірісті
4 жыл бұрын 2946 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Эмоциялық жағдайдың, яғни, көңіл күйдің ішіндегі адамның денінің саулығына ең көп әсерін тигізетін жалғыздық медицинада клиникалық жағынан мойындалу деңгейі төмен факторлардың бірінен саналады. Негізінде жалғыздық әлеуметтік дерт ретінде бағаланады. Постиндустриялық кезеңнен кейін белең алған әлеуметтік дерт ретінде сипатталады. Ал оның биологиялық факторына енді-енді назар аударыла бастады. Өйткені, жалғыздық түрлі ауруларды, соның ішінде күйзеліске (депрессия), жүрек-қан тамыр ауруларына, т.б. ауруларға душар ететін факторлар санатынан. Бұл жайында islam.kz порталы theguardian.com ақпарат көзіне сілтеме асай отырып мәлім етеді. Адам қоғамнан оқшауланып өмір сүре алмайды, тіпті, мақұлықтардың өзі, мәселен, қасқыр үйірімен жортады. Жалғыздық – адамның физиологиясына да, психологиясына да жат әдет. Чикаго университеті жанындағы Притцкер медицина мектебіндегі ми динамикасы зертханасының (Brain Dynamics Lab)  директоры Стефани Качиоппоның (Stephanie Cacioppo) сөзіне қарағанда, адамда жалғыздық сезімі өзгелермен тілдесуге итермелейтін химиялық сигналды сақтық танытатын санамыз бұғаттап тастаған кезде пайда болады. Осының нәтижесінде адамның әлеуметтік өмірге талпынысы басылып қалады. 2013 жылы бұл бағытта арнайы жүргізілген зерттеуге дені-қарны сау 31 адам қатысады. Препненолоннан алынған аллопрегнанолон дозасын адамдардың организіміне енгізген кезде мидың эмоциялық қабылдауына әрі жағымсыз реакцияны күтуге жауапты ми бөлігін тыныштандырған. Әлбетте, дәрі сізді жалғыздық құрсауынан құтқара алмайды, оның әсері жаңа байланыс орнату, бөгде адамдармен танысу кезінде болатын үрей мен секемшілдікті сейілтуге бағытталған. Ғалымдар бұл тарапта шектен тыс секемшілдік пен белгісіздік алдындағы үрейді әлсіретуге көмектесетін, прегненолон деген атпен белгілі нейростероидтің ерекшелігіне назар аударған еді. Стефани Качиоппо жалғыздық сезімін жою мүмкін емесін алға тарта келе оның организмге тигізер кері әсерін барынша жұмсартуға болатынын мойындаған еді.

Ұқсас материалдар:

«Жалғыздық – дерт. Ғалымдар онымен күресудің стратегиясын әзірлейді» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/arturli/jalgyzdyq-dert-galymdar-onymen-kuresudin-strategiyasyn-azirleidy-14397/#gsc.tab=0);

«Жалғыздық пен сусамыр арасында байланыс бары анықталды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/jalgyzdyq-pen-susamyr-arasynda-bailanys-bary-anyqtaldy-14148/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат